198
7-ТАРА У
«көтеріліс» деп атады) мүлде басқаша. Біреудің қандай да бір атақ-
қа ие болуы жеңіске жеткен кім және тарихи кітаптарды жазған
кім - соған байланысты. АҚШ укіметі әдетте лаңкестер деп тек
шетелдіктерді атап, АҚШ-та америкалық азаматтар жасаған зор-
лық-зомбылықты (түсік жасаушылардың өлімі және 1995 жылы
Оклахомадағы бомбалау сияқты) лаңкестік емес, жекелеген бү-
зақылық қылмыс деп сараптаған (Turk, 2004).
Неліктен адамдар лаңкестікті өз ісіне айналдырады? Таңғалар-
лығы, жеке теңсіздік бұған да әсерін тигізеді, кедей топтардың мү-
шелері басқа топтарға қарағанда лаңкестікпен әлдеқайда аз айна-
лысатыны анықталды. Керісінше, лаңкестік ұлттық немесе мәдени
қауіп-қатерден қорғау ұстанымына негізделген (Turk, 2004). Кедей
елдердегі адамдар көбіне халықаралық терроризмді екі жағдайда қол-
дайды: біріншіден, өздерінің мәдениетіне, экономикасына, үкіметіне
батыс елдер тарапынан қауіп төнеді деп немесе олардың бақылауына
ұшырайды деп сенеді; екіншіден, олар терроризмді осындай әділет-
сіздікпен күресудің гиісті әдісі ретінде қарастырады (Turk, 2004).
Достарыңызбен бөлісу: |