Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет380/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   870
200

7-ТАРАУ

Б а й л ы қ  -  ж е к е  т у л ғ а  н е м е с е  ү й  

қ о ж а л ы ғ ы н ы ң  и е л іг ін д е г і а қ ш а  

м е н  м а т е р и а л д ы қ  и г і л ік т е р   қ ұ н ы .

жылдық  сома  10,8  млн  доллар  болған;  ал  табысы  ең жоғары  Виаком- 

ның  басқарушысы  Филипп  Дауманның  жылдық  табысы  84,5  млн 

доллар (Joshi, 2011).

Табыс теңсіздігінің  өсуі АҚШ-тың экономикалық қүрылымын- 

дағы  өзгерістерге  және  АҚШ  үкіметі  саясатының  өзгеруіне  байла- 

нысты (Massey, 2007;  Morris and Western,1999).  13-бөлімде тереңірек 

талқылағанымыздай,  америкалықтардың  80%-ы  қазіргі  уақытта 

агқарушы  қызмет  корсету  саласында  немесе  сауда  орындарында 

жұмыс істейді.  Бұл жұмыс  орындарындағы  еңбекақы Америка  эко- 

номикасында  үстемдік  ететін  өндіріс  орындарына қарағанда  әлде- 

қайда төмен. Экономиканың барлық секторында жұмыс берушілер 

тұрақты  қызметкерлердің  орнына  төмен  еңбекақыға  келісетін 

уақытша  немесе  жартылай  жұмыспен  қамтылу  негізінде  істейтін 

жұмысшыларды  алады.  Жүмыс  берушілердің  енді  бірі  еңбекақы- 

ны  аз  төлеу үшін  америкалық  қызметкерлердің  орнына  шетелдік 

жұмысшыларды  қабылдайды.  Сонымен  қатар  үкімет  кәсіподақта 

мүшелік  етуді  күрделендіріп,  оның  ықпалын  төмендетті;  ауқат- 

тыларға  салықты  қысқартты,  кедейлерге  арналған  жеңілдіктер 

санын азайтты, осының салдарынан ең төменгі еңбекақы мөлшері 

одан  әрі төмендегі кетті.  Осы  саясаттың нәтижесінде  кедейлер мен 

жұмысшы  табының  табыс  мөлшері  азайып,  ауқатты  америкалык- 

тардың табыс мөлшері арта түсті (Massey, 2007).

Табыс теңсіздігі неғұрлым жоғары болса, АҚШ-тағы экономика- 

лык; теңсіздік мөлшері соғұрлым төмендей түседі. Теңсіздік мөлше- 

рін  дәл  анықтау  үшін  байлық  мөлшерін  қарастыруға  тура  келеді. 

Байлы қ -   белгілі  бір  уақытқа  жеке  тұлға  немесе  үй  қожалығы  ие- 

ленген  ақша  мен  материалдық  игіліктер  құны  (қорлар,  инвести- 

циялар,  үйлер,  жер,  автокөліктер  мен  басқа  мүліктерді  қоса  ал- 

ғанда).  Ең  ауқаттылардың  20%-ы  болатын үй  қожалықтары  (табыс 

бойынша) -  барлық байлықтың 80%-ына, ал 1% болатын ең ауқатты 

адамдар барлық байлықтың 35%-на ие (Rampell, 011). Соңғы 25 және 

одан көп жылдар аралығында  АҚШ-та  байлық теңсіздігі өзге дамы- 

ган елдермен салыстырғанда тез қарқынмен өсті.

Табыс теңсіздігі басқа халықтарға 

қарағанда АҚШ-та жоғары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет