228
8 -ТА РАУ
Конфликт теориясы
Қазіргі ғалымдардың көбі нәсілдік және этностық теңсіздікті, әсіресе
көпшілік пен азшылық топтар арасындағы теңсіздікті талдау үшін
конфликт теориясын пайдаланады. Бұл теория бойынша шектеулі
ресурстарға қатысты бәсекелестік барысында технологияға қол-
жетімділік пен құлиеленушілік сияқты тарихи жағдайлар кейбір
топтардың үстемдігін күшейтті, ал басңа топтарды төмендетті. Ар-
тықшылықтары бар топтар өз билігін сақтау үшін басқа топтардың
үстемдік етуіне жол бермейді (Tilly, 1998).
Конфликт теориясының нәсілдік және этностық теңсіздікке көз-
ңарасы әлеуметтік теңсіздікке көзқарасымен бірдей деген пікір бар.
Бір жағынан қарағанда, бүл теория «билік басындағылар мұнан пайда
көреді және қолдағы билігі арқылы қалғандарды төмендетуге тыры-
сады, сондықтан теңсіздік сақталады» деп пайымдайды.
Конфликтіні зерттеушілер басқа мәселелермен қатар, адам-
дардың әділетсіздік салдарынан жақсы оқу орны, лайықты жұмыс,
тұрғын үй сияқты басқа да игіліктерге қол жеткізе алмау себепгерін
қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |