Ағымдағы жағдаят
Латынамерикалықтар АҚШ халқының 16,3%-ын құрап, мемлекетте
кең тараған азшылық топқа айналды. Оларды барл ық штаттан, әсіресе
Флорида және Мексика, Техас, Аризона сияқты шекаралас жерлерден
кездестіруге болады (8.2-карта). АҚШ-тағы латынамерикалықтардың
2/3 бөлігі Мексикадан шыққан, қалғандары Орталық және Оңтүстік
Америкадан, Кариб аралдарынан келген. Латынамерикалықтар ұлт
болып саналмайды, олардың бәрі испан тілді болғанымен бірнеше эт-
иостық немесе нәсілдік топқа жатады.
Сондықтан АҚШ-тағы латынамерикалық топтардың сипаты
АҚШ-та өзгермелі болды, әлі де өзгеруде. Мысалы, 1960 жылы Куба
революциясы аяқтала салысымен көшіп келген кубалықтар әдетте
бекзат ортадан шыққан, қанаушы коммунистік режимнен қашқан
адамдар деген ой тараған. Сонымен қоса ақ нәсілді болуына бай-
ланысты олар АҚШ-та латынамерикалықтардан гөрі жақсы қабыл-
данды.
|