Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет444/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   870
әлеуметтану және сіз

Сіз сауда орталығына бартанда, 

ешкім сізді қарагіайым жүмысшы 

деп ойламауы үшін жақсы киінесіз 

бе? Егер жоқ деп жауап берсеңіз, 

онда ақ нәсілді болғаныңыз. 

Көптеген адамдар ақ адамдарды 

заңға мойынсұнатын азаматтар 

деп есептейтіні басқаша 

дәлелденгенге дейін бұл ақ 

нәсілдің артықшылығының үлгісі 

болып табылады. Бұл 

артықшылықтар әдетте 

көрінбейді: Афроамерикалықтарды 

күзетшілер жиі тоқтатады. 

«Ақтардың» кейбіреулері тана 

нәсілдік ерекшелігі оларды 

қорғайтынын мойындайды.



« А қ  н ә с і л д і ң   а р т ы қ ш ы л ы ғ ы »   -

терісінің түсі ақ болғанына 

ғана байланысты ақ нәсілді 

америкалықтарға берілген ерекше 

мүмкіндіктер мен жеңілдіктер.



240

8-ТА РА У

«ақтардың» билігіне қандай да бір жолмен тап болғандығы үшін қинау) 

афроамерикалықтардың  қоғамдық  және  экономикалық  құрылымда 

көгерілуіне жол бермеген. 1964 жылы Азаматтық құқықтық акт қабыл- 

данганша,  1960  жылдардың  соңында  азаматтардың  құқықтары  үшін 

қозғалыс  басгалғанша  олардың  өмірінде  ешқандай  өзгеріс  болмаған. 

Афроамерикалықтарға  қарсы  дискриминация  жұмыс  орындарында, 

білім, қоныс, денсаулық сияқты салаларда әлі де кездеседі.



Қазіргі жағдай

2010  жылғы  санақ  бойынша  афроамерикалықтар  АҚШ  халқының  12,6 

пайызын құрайды. ГІайыздық көрсеткіші осы шамалас афроамерикалық 

тұрғындар қазір  орта тапқа  енді.  Осы орайда ескере  кетер жайт -  АҚШ 

тұрғындарының  басым  бөлігінің  (43%-ы,  ақ  нәсілді  америкалықтар- 

ды  қоса)  афроамерикалық  Барак  Обамаға  дауыс  беріп  президенттікке 

сайлауы,  оған  билік  берілуі нәсілшілдіктің  азайганын көрсетті.  Кейбір 

афроамерикалықтар орта не жоғары тапқа да жатады және АҚШ қоғамы- 

на  бірден сіңісіп кеткен. Алайда басқаларының жағдайы төмен, жұмыс 

орындарымен аз қамтылган және оқшауланған аудандарда өмір сүреді.

Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  бері  афроамерикалықтарға  деген 

көзқарас  күрт  өзгере  бастады.  Ақ  нәсілділердің басым  бөлігі  қазір  шы- 

нымен бірлестікті қолдайды. Олар азшылық топтарға жататын афроаме- 

рикалықтармен  көршілес  тұрып,  нәсіларалық  некелерді  де  мойындай- 

тын болды. Осы сияқты маңызды жаңалықтар афроамерикалықтардың 

өмірінен орын алуда. Алайда аудандық сегрегация әлі де сақталган.

Осы орайда  афроамерикалықтар  білім  саласындағы жегістіктер- 

мен  ақ  нәсілділерге  жылдам  жетуге  тырысты,  бірақ  сонда  да  артта 

қалып отыр. Тіпті ақ нәсілді мен қара нәсілдінің білім деңгейі бірдей 

болса  да  «ақтардың»  табысы  көп.  Афроамерикалық  отбасылардың 

төрттен бір бөлігі кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүруде. Олар- 

дың  орташа  табыс  мөлшері  ақ  нәсілді  отбасыларының  59%-ын  ғана 

қүрады. (АҚШ санақ бюросы, 2011) Одан да өкініштісі, 40 жас шамасын- 

дағы  афроамерикалық отбасылардың көбінің қазіргі табысы  ата-ана- 

сының тапқан табыстарынан да төмен.

Осындай  таңғаларлық  кемшіліктің  пайда  болуына  әкелген  екі 

фактор бар:  афроамерикалықгардың табыс мөлшері ақ нәсілді амери- 

калықтардікіне  қарағанда  төмен  және  афроамерикалық  отбасында 

екі табыскер болуы сирек кездеседі.

ТӨМЕНТАБЫС. Егер толық күндік жүмыспен жыл бойы қамтылған афро- 

америкалықгарды  алсақ,  олардың  орташа  табысы  ақ  нәсілді  америка- 

лықтардан 20% төмен. 8.1-картасында көрсетілгендей, жағдайдың осын­

дай қалыпта болуының себебі -  афроамерикалықтардың көбі еңбекақы 

көлемі  ең төмен  деңгейдегі  оңтүстік  аймақтарда  тұратындығынан  бо­

луы мүмкін. Сонымен бірге ақ нәсілді америкалықтармен салыстырған- 

да  білімі  нашар  афроамерикалықтарға  төлемі  төмен  егістіктерде  ауыр 

жағдайларда  еңбек  етуге  тура  келеді.  Нәтижесінде  нәсілшілдік  салда- 

рынан жұмыссыз қалу және төмен еңбекақы алу кең жайылған. Қандай 

кәсіп  болмасын  көптеген  афроамерикалықтар  ақ  нәсілді  америкалық- 

тармен салыстырганда кем айлық алып, төменгі деңгейде түр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет