Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ДЕНСАУЛ ЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ



Pdf көрінісі
бет529/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   870
ДЕНСАУЛ ЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ

287


дамайтын  емделуші  ақымақ  немесе  надан  деп  саналады.  Алайда 

символдық  интеракционизм  әдісімен  зерттеушілердің  пікірінше, 

мәселе одан да күрделірек. Кейбір емделушілердің нұсқауды орын- 

дамау  себебі  -   медициналық  қызметкерлердің  емдеу  шараларын 

қысқа  әрі түсініксіз  етіп  беруінде.  Басқа  емделушілерге  айтылған 

нұсқауды орындауға уақыт пен қаражат же гіспейді. Үшінші топтың 

айтуынша,  медициналық кеңес  оларды  мазалаған  мәселеге  жауап 

бермейді.  Олар  өздігінен  мынадай  шешім  қабылдауы  мүмкін:  мы- 

салы, қан қысымын төмендететін,  бірақ жыныстық құштарлықты 

басып тастайтын;  шизофрениялық елестерді тоқтататын,  бірақ ар- 

тық салмақ қосуға алып келетін; қосымша жағымсыз эсер беретін, 

бірақ  ауру  белгілеріне  эсер  етпейтін  дәрілер  ішуі  мүмкін  (Lawton, 

2003 ). Көп жағдайда науқастар емделу жөнінде шешім қабылдауда, 

ғаламгорға дәрігерлер  кеңесіне  сүйенгендей,  сүйенеді.  Бүл туралы 

«БАҚ  пен  мәдениет:  Ғаламтор  және  медицина»  деген тарауда  жеке 

айтылған.

Жалпы  дәрігерлер  медициналық  нұсқауларды  орындамау  деп 

қарастырған  мәселені  емделушілер  үтымды  шешім  ретінде  қабыл- 

данады. Дәрігерлер нүсқаулары  орындалмағаны үшін емделушілерді 

жазалаған  кезде,  алда  болатын  жағдайды  ескермейді.  Емделушілер 

дәрігердің ондай әрекетін көріп, керісінше, нұсқауларға үстірт қарап, 

өзін-өзі емдеуге ойысып кетуі мүмкін.

ә л е у м е тт а н у  ж ә н е  с із

Келесі жолы дәрігердің 

қабылдауында болғанда анықтап 

қараңыз: фармацевтикалық 

компаниялардың логотиптерімен 

белгіленген қабырға суреттері, 

қаламсаптар, памфлеттер, 

саптаяқтар немесе басқа 

заттар бар ма? Дәрігеріңіз жаңа 

дәрілердің тегін үлгілерін үсына 

ма? Денсаулық жайлы сізге 

бейтаныс журналдар бар ма 

(фармацевтикалық компания 

шығаруы мүмкін)? Мұның 

барлығы фармацевтикалық 

өндірістің сіздің диагностика мен 

емделу әрекетіңізге ықпал етуге 

талпынысын дәлелдейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет