Психикалық аурулар саны қанша?
Ұлттық кездейсоқ сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ-та жұмысқа
қабілетті азаматтардың 11 пайызы жыл сайын әлі анықталмаған
психикалық ауруға ұшырайды. Ал 20 пайызы жеңіл немесе күрделі
ауруларға шалдығады (Kessler et al, 2005). Ең көп тараған аурулар -
күйзеліс және спирттік ішімдікке тәуелдік. Алайда бұл көрсет-
кіштер шындыққа жанаспауы мүмкін. Өйткені олар медициналық
диагнозға емес, ауру белгілерін мәлімдеген құжаттарға сүйенеді
(Horwitz, 2002; 2007). Зерттеушілер нақты нәтиже бере алмайды.
Мысалы, олар үшін кімнің күйзеліске ұшырағаннан немесе жа-
рысқа дайындалғаннан салмақ тастағанын айыру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |