ОТБАСЫ
325
балалары екіжақтылық танытады. Ересек балалар өгей әке-шеше-
лерін мойындағысы келмейді. Алайда уақыт өте келе тығыз қа-
рым-қатынас орната бастайды. Өгей шешелер балалардың өмірі-
не етене араласатындықган өгей әкелерге қарағанда қарсылыққа
көбірек ұшырайды. Сонымен қатар өгей шешелер баланың мейі-
рімін жаулап алу үшін зор бәсекелестікке түседі, өйткені олардың
туған аналары туған әкелеріне қарағанда, балаларымен қатына-
сын үзбеуге тырысады.
Қазіргі заманғы отбасы
Бақытты отбасылық өмір барлық америкалықтардың басты мақсаты
болып қалғанымен, соңғы онжылдықтарда оған жету жолдары өз-
герді. Соңғы кездері адамдар үйлену мен бірге тұрудың, балалы болу
(некеден тыс болса да) мен болмаудың, жұмыс пен отбасының арасын-
да таңдау жасау жөнінде көбірек ойланатын болды. Айналып келген-
де отбасылық өмірін сақтап қала алмай ажырасып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |