Қорытынды
1.
Неке және отбасы - қоғамдағы ең негізгі
ұжымдар. Бұл ұжымдар қоғам атаулыда ор-
тақ қажеттіліктерге - мысалы, жыныстық
мінез-қүлықты реттеуге, көбеюге, балаларды
күтуге және әлеуметтендіруге - жауап бе-
реді-
2. Отбасы түрлеріне кеңейтілген отбасы, нук-
леар отбасы және аралас отбасы жатады. Нук-
леар отбасылар қазір көп емес.
3. Ажырасудыц жиілеуі және жұмыс күшінде
әйелдер үлесінің артуы, балалық шақтың
әлеуметтік құрылымына күрделі өзгерістер
әкелді. Қазір АҚШ-та көптеген балалар күн-
дізгі балабақшаға барады немесе жалғызбас-
ты әкесімен не анасымен бірге өмір сүреді.
4. Ересек өмірге өту кезеңі қазір ұзарып кетті.
Өйткені бүгінгі жастар ұзағырақ оқиды, жай
үйленеді және жұмысты да ұзақ іздейді.
5. Жұбайын таңдау махаббатқа байланысты,
сондай-ақ үқсастық, гомогамия және оргақ
құндылықтар да эсер етеді. Қазіргі таңда ара
лас некелер әсіресе жоғары білімді адамдар
арасында кең тараған.
6. Балалары кешірек бөлек шығатындықтан
және экономикалық себептерге байланысты
қайта оралатындықтан орта жастағы ерлі-за-
йыптылардың үйлері бос қалмайтын болды.
Сонымен қатар орта жастағылар ата-анала-
рын өз қолдарына алады немесе бала-шаға-
сымен туған үйіне қайтадан көшіп барады.
7. Әйелдердің жұмысбасты болуы, отбасын-
дағы рөлдердің күрделі өзгерісіне алып кел-
ді. Қазір америкалықтардың басым бөлігі ер-
лі-зайыптылар үй шаруасын бөлісе атқаруы
керек деи санағанымен, үштен екі бөлігі әлі
де әйелдердің мойнында.
8. Әкелердің бала бағуда үлесі артқанымен,
олар күнделікті күйбең тірлікке жауапкер-
шіліктен гөрі уақытты, негізінен, ойнаумен
өткізеді. Өгей ата-ана болу өте қиын, өйткені
ересек адамдар да, олардың балалары да өз-
дерін қалай ұстау керектігін көбіне біле бер-
мейді.
9. Азаматтық некені енді кез келген жастағы
жұптар таңдай алады. Үйленбей бірге тура-
тын жұптардың көбі ақырында некеге оты-
рады, бірақ бір бөлігі кейінге қалдыруға
келіседі. Үйленудің үлес салмағы азайып,
азаматтық неке мен ажырасудың артуы неке
институтының ыдырай бастағанын біл-
діреді.
10. Бала тууды кейінге қалдыратын немесе мүл-
де баласыз өмірді таңдайтын әйелдер көбейіп
барады. Қазіргі таңда АҚШ-та туған балалар-
дың 41 пайызы некесіз дүниеге келген. Ал
жасөспірімдер жүктілігі кедейлікке, қолже-
тімді сақтану жолдарының жоқтығына және
өмірлік мақсатты айқындай алмауға байла
нысты болып отыр.
11. Жалғызбасты ана болу бұрынғыдай ұят деп
саналмағандықтан, асырап алуға бала табу
қиындады. Жалғызбасты аналар некесіз бала
туғаны үшін масқараланса және мемлекет
тарапынан қолдау таппаса, жетімдер көбейе
бермек. Асырап алу көбінесе өгей әке-шешелер
үшін де, балалар үшін де сәтті болады.
|