Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет639/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   870
Секталардың қурылымы мен қызметі

АҚШ-та  жүздеген  сектаның  болуы  қоғамда  әртүрлі  шиеленістер 

бар  екенін  көрсетіп  отыр.  Бірақ  олардың  барлығы  да  кейбір  негіз- 

гі қоғамдық қүрылымдарға қарсы.  Мұндай ұйымдар қоғамның не- 

гізгі  қүрылымдарынан  тыс  қалған  адамдар  -   кедейлер,  ғаріптер, 

мүгедектер  және  шеттетілгендер  үшін  аса тартымды  көрінуі  мүм- 

кін.  Мысалы,  Аппалачидегі  жыланды  Пентекостал  сектасының 

мүшелері  жаңарған  қоғамның  жағдайына  икемделе  алмаған  «ақ» 

кедейлер  (Covington,  2009).  Жаңа  Өсиеттегі  үзіндіге  сүйеніп  (Mark, 

16:17-18),  шіркеу  қызметкерлері  жылан  тілінде  сөйлеген,  улы  жы- 

ландарды  ұстап,  уын  ішкен  адамдарды  марапаттайды.  Бұл  әрекет 

оларға Құдайға жақындағандай және өз өмірін бақылай алатындай 

сенім ұялатады.

Бірақ сектанттық дінге сенушілердің барлығы бірдей кедейлер 

мен  қаналғандар  емес.  Керісінше,  олар  ғибадатханаларды  шектен 

тыс  бюрократ деп  санап,  секталардан  эмоционалдық және  рухани 

қолдау мен рухани ортаға қатыстылық сезімін іздеп келеді (Saliba, 

2003;  Barker,  1986).  Енді  біреулер  уақыт  өте  келе  жойылған  құнды- 

лықтарды  сақтай  отырып  өмір  сүргісі  келгендіктен,  хасидті  иу­

даизм  немесе  христиандық  фундаментализм  сияқты  секталарға 

қосылады (Davidman, 1991).

Сектаға  мүше  болу -   өзгерістің  немесе  эмоционалдық  тәжіри- 

бенің  нәтижесі.  Көпшілігі  ата-анасының  артынан  ергеннің  орны- 

на сектаға қосылуды таңдайды.  Олардың діни қызметтері көбінесе 

бейресми өтеді. Секта көшбасшыларының арнайы білімі болмайды 

немесе томен, егер білімі болса тек құр сөз жүзінде ғана. Діни тұжы- 

рымдамалар дүниелік марапаттарға ерекше мән береді және Киелі 

Мәтіндер  Құдайдан  жеткен  деп қабылданады.  Сондықтан да  олар- 

ды тікелей түсіну қажет деп ойлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет