БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
357
Секталардың ауқымы тар болады, бейресми сипатымен өзара ұқ-
сас келеді. Олар - тығыз байланысқан және мүшелерін қатаң бақылай-
тын топтар.
Жаңа діни қозғалысгар
I960 жылдардан бері жаңа діни қозғалыстар (ЖДҚ) күрт көбейді. Өзі-
нің аты айтып түрғандай, ЖДҚ-ға мемлекеттегі дәстүрлі дінмен бай-
ланысы жоқ, соңғы онжылдықтарда пайда болған рухани немесе діни
ағымдар жатады (Clarke, 2006; Saliba, 2003; Dawson, 2006). Жаңа діни қоз-
ғалыстарды кейде культ деп те атауға болады. Бірақ бүл бүрыс түсінік
беруі мүмкін болғандықтан, әлеуметтанушылар бұл терминнен бас
тартты. ЖДҚ-ға мысал ретінде Саентология шіркеуін, «Неопоган» Вик
ки дінін, шыгыс діндеріндегі қағидаларды қолданатын, бірақ оған ба-
тыстық түсінік беретін «Жаңа ғасырдың» түрлі рухани топтарын және
Хейл-Бопп кометасы жерді жоқ қылады деп ойлағандықтан, 1997 жылы
мүшелері өз-өзіне қол салған жұмақ қақпасын атауға болады. Өздеріне
қол жүмсау арқылы олар өмірді «жоғары деңгейде» жалғастыруға мүм-
кіндік аламыз деп сенген. Осы жаца діни қозғалыстардың қай-қайсысы
да иудей-христиандық дәстүрлерден алшақ. Олардың өз Құдайы бар
немесе тіпті Қүдайға сенбейді және Көне Өсиетті жазба ретінде қолда-
нады. Жаңа діни қозғалыстарды көп жағдайда қоғамда кең қолданыл-
майтын, өзгешеленетін тәртіп пен түжырымдардың қатаң сақталуын
талап ететін харизмалы көшбасшылар басқарады.
Жаңа діни қозғалыстарға өз мүшелерін қоғамнан алшақтауға шақы-
ратын Жүмақ Қақпасы мен қоғамда бақыт пен жетістікке жету үшін ме
дитация, аффирмация әдістерін қолдануға үйрететін «Жаңа ғасыр» топ-
тары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |