Жалпыға ортақ Ислам: Мысыр және Иран
Ислам діні - Иранда және Мысырда баршаға ортақ, бірақ біріншісінде
мемлекеттік дін болса, екіншісінде - мемлекеттен тыс.
Иранда дін мен мемлекет тығыз байланысты. Ислам діні мемле-
кеттік дін болғандықтан, Ислам заңы (шариғат) сотта қолданылады.
Бұл заңға сәйкес адамдар зинақорлыққа, қару ұрлығына, гомосексуа-
лизмге бой ұрғаны және Ислам дінінен бас тартқаны және т.с.с. үшін
өлім жазасына кесіледі. Иран халқы зайырлы қоғам құруға ниетті
болғанымен, діни басқарманың саяси билігі басым. Сондықтан да
қоғам мен дін арасында аздаған шиеленіс бар.
Мысырдағы дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас Хосни
Мүбарактан кейін әлі де айқындалмай отыр. Қазір онда Ислам ірі діни
қауымдастық ретінде әрекет етеді. Мысыр үкіметі ішінара зайырлы.
I
Мысырда исламдықұстамды
I жәнефундаменталдытоптар
кейде бейбіт, кейде қайшылықты
өмір сүреді. Нәтижесінде, Мысырлық
мусылмандардың ирандықтарға
қарағанда, мұсылмандықережелерді
устануда еркіндігі көбірек, мысалы, олар
өзіне ыңғайлы киім кие алады.
|