АҚШ-тағы діни тенденциялар
АҚШ-та бірнеше дін өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп келгендігі тарих-
тан белгілі. Дегенмен христиандар қашан да ең үлкен діни топ болды.
Еврейлер, буддистер, мұсылмандар және басқа христиандыққа жат-
пайтын топтар маңызды орын алғанымен, олардың ешқайсысы АҚШ
халқының 1 пайызынан аспайды. Оның үстіне, иудаизмнің қатары
сиреп барады, ал қалған топтар тұрақты сақталып келеді. Америка-
лық мұсылмандар туралы толығырақ «Алуан қырлы Америка: амери-
калық мүсылмандар» тарауында айтылады.
Дегенмен христиандардың сан жағынан басымдығы өткен уа-
қыттарға қарағанда төмендеген. АҚШ азаматтары арасында өзін хрис-
тианмын деп санайтындар 1990 жылы 86 пайыз болса, 2008 жылы бұл
көрсеткіш 76 пайызға түсті (Kosmin 8t Keysar, 2009). Бүл өзгеріс хрис-
тиандардың басқа дінге ауысқандығынан емес, ешбір дінді ұстанбай-
тын адамдардың көбейгендігінен болып отыр. 12.3-сызбада АҚШ және
әлемдік деңгейдегі діндердің таралу көлемі көрсетілген.
Христиан діні ішінде лютерандық және еспископалдық сияқты не-
гізгі протестанттық шіркеулерден, сондай-ақ Пентекостал және Назарян
сияқты фундаменталиста шіркеулерден және Інжілдің төрт шаршысы
шіркеуінен кетушілер күрт көбейген (Kosmin & Keysar, 2009). Ал католик
дініндегі АҚШ халқының үлесі соңғы 20 жылда өзгермеген. Фундамента-
листік протестанттық секталарға өткен католик лагынамерикалықтар-
дың орнын жаңа испан тілді католик иммигранттар басып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |