Жаңа ғибадатханалардың қалыптасуы
Жаңа ғибадатханаларды
байланыстыратын жайттар: (1)
Америка қоғамы және қазіргі
христиандық ғибадатханалар
туралы сенім ыдыраңқы,
салғырттық басым және күмәнді
(2) бейресми рәсімдерге мән
беріледі, жазбалар мен өзін-өзі
ұстау тәртібіне жеңіл қарайды
және өмірлік мұрат, сенім мен
қауымдастықты уағыздайды.
Америкалық христиан дініндегі жаңа ғибадатханалардың көптеп пай-
да болу тенденциясы осы өзгерістерді көрсетеді (Emergingchurch.info, 2009;
Kimball, 2003). Бүл тенденция қазіргі америкалықтардың бір сарынды, ла-
йықсыз өміріне және заманауи ғибадатханалардағы діни түсініктердің
салғырттығына наразылықтардың өршуін байқатады. Жаңа ғибадатха-
наларға баратындардың көбі жастар, «ақтар» және қала тұрғындары. Қал-
ғандары өздерін Інжіл христиандары деп санайды. Бірақ бұл ғибадатхана-
лардың ықпалы бастапқы негіз шеңберінен шығып кетті.
Жаңа ғибадатханалар бейресми кеңістікте басқа адамдармен
тығыз қарым-қатынас жасай отырып, бейресми тәжірибеге сүйенеді,
шынайы діни тәжірибе алмасуға уәде береді. Ресми шіркеулерде кезде-
сіп, дұға оқығанның орнына жаңа ғибадатханаға барушылар бір-бірініц
|