Ж аьан дан у ж ән е м ем л ек ет т ік би лік
Жер мен автономия үшін соғысқан Израиль және Палестина үкімет-
герінің екеуіне де халықаралық ұйымдар тарапынан көмек көрсетіл-
ді. Біріккен Ұлттар Ұйымы (Б¥¥) мен Еуро Одақ (ЕО) дипломаттарды
және бітімгершілік күштерді жібереді. Халықаралық сот мемлекет-
тердің халықаралық заңдарды бұзған-бүзбағанын қадағалайды. Ха-
лықаралық банк экономиканы нығайту үшін төмен пайыздық несие
ұсынады және көпұлтты мұнай компаниялары мүддесін қорғау үшін
АҚШ, Таяу Шығыс және басқа елдердің саясаткерлеріне қысым көр-
сетеді. Мүның барлығы - жаьанданудың көрінісі, экономика мен құ-
қықтың жаьандануы.
Жаьандану әсерінен көпұлтты корпорациялар мен халықаралық
ұйымдар қазір мемлекеттік билікке тікелей ықпал егіп отыр (Sassen,
2006; Appelbaum, 2005). Мысалы, корпорациялар АҚШ-тағы ең төменгі
жалақы туралы заңға және Мексикадағы күлшелердің бағасын бақы-
лауға қарсы күресті. Дәл осылай, Еуро Одақ және Халықаралық валю
та қоры сияқты халықаралық реттеуші ұйымдар мен ассоциациялар
мемлекеттерге қатысты жаңа ережелер енгізді.
|