САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
375
темі» деген атауға ие болды. Алайда наразылық шаралары тек араб-
тармен ғана шектелген жоқ және бұл бірыңғай қозғалыстың бөлігі
емес еді. 2012 жылдың басында Тунис, Египет және Ливия елдерінде
диктатура құлатылды. Сонымен қатар бірқатар басқа елдер ешқан-
дай мәжбүрлеусіз-ақ мемлекеттік бақылау жүйесіне өтті.
«Араб көктемі» үкіметтің жемқорлығына, авторитарлық бақы-
лауға, демократиялық еркіндіктің болмауына және табыс теңсізді-
гіне наразылық ретінде туындады (Goldstone, 2011). Тунистегі қар-
сылық ауылдағы кедейлер арасында басталғанымен, кейін оларға
жүмысқа орналасуда еркіндік пен тең мүмкіндіктер болуын талап
етіп, экономикасын аттөбеліндей, элита өкілдері қатаң бақылайтын
саяси еркіндігі шектеулі мемлекетте өмір сүретін жоғары білімді
жастар қосылды (Anderson, 2011; Goldstone, 2011).
Кез келген көтеріліс жергілікті жерлердегі қиындықтардан ке-
ліп шығады. Аймақтардың жағдайы мен тарихы алуан түрлі бол-
ғандықтан, «Араб көктемінің» нәтижесі де әрқилы болды (Goldstone
2011). Мысалы, Тунисте әскери күш әлсіз болғандықтан, халықты
бақылауына алып, елде әскери диктатура орната алмады. Сонымен
қатар Тунистің жоғарғы билік өкілдері - жемқор, ал төменгі деңгей-
дегілер салыстырмалы түрде жемқорлықтан таза болды. Сондықган
жаңа демократиялық мемлекет осы тұрғыда дами алатын еді. Соны
мен бірге онда білімді орта тап өкілдерінің де қатары қалың болды.
Бұл да мемлекеттің заманауи демократия бағытында дамуының
мүмкіндігін арттырады.
Ал Ливияны ондаған жыл бойы диктатуралық билік басқарды.
Соның салдарынан бірде-бір әлеуметтік институт (үкіметтік бюрок
ратия, еркін баспасөз немесе кәсіподақтар) дамымаған. Сөйтіп, адам-
дар туыстары мен руластарына арқа сүйеуге мәжбүр болды. Бұрынғы
үкімет бүгінде жоқ. Енді қарсылас ру-тайпалар арасындағы жанжал-
дан азаматтық соғыс шығу қаупі зор (Goldstone 2011). Сонымен бірге
соңғы отыз жыл ішінде авторитарлық мемлекетке көрсетілген те-
геурінді қарсылық нәтижесінде «жалған демократия» пайда болды.
Яғни шектеулі жемқорл ық пен авторитарлық бақылау жүйесі сақтал-
ғанның өзінде азаматтар белгілі бір дәрежеде жеке және экономика-
лык; еркіндік алды (Goldstone, 2011). Ливиядағы жағдай осындай деуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |