386
13-ТАРАУ
Кейбір капиталистік елдер демократиялық, кейбірі авторитар-
лық болып келеді. Мәселен, АҚШ пен Жапонияның экономикасы - ка-
питалистік, саяси жүйесі - демократиялық. Сингапур мен Сауд Ара-
биясында - капиталистік экономика, бірақ авторитарлық саяси жүйе.
Оларда сайлау не мүлде өтпейді, өтсе де, мәнсіз-мағынасыз болады.
Бұл мысалдар бізге капитализм де, социализм де авторитарл ық немесе
демократиялық жүйеде жүре алатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: