көрсетуді ұсынады.
388
13-ТАРАУ
күшінің басым бөлігі бірнеше алып трансұлттық корпорациялармен
байланысты. АҚШ-тағы ең үздік 20 компания - миллиардтаған доллар
активін бақылайтын және мыңдаған адамды пайдаланатын ауқым-
ды бюрократия. Бұл алып кәсіпорындар ұлттық және халықаралық
аренадан орын алады.
Жергілікті жерде аудан не қала әкімшілігіне жұмыс орындарын
көбейту немесе сақтап қалу үшін тиімді салық жеңілдіктері мен қо-
лайлы аймақтандыру қағидаларын енгізуді үсынып отырған ірі жұ-
мыс берушіні білуіңіз мүмкін. Корпорациялардың көлемі мен өзара
байланысының өсуіне байланысты қазір бұл федералдық және ха-
лықаралық деңгейде қайта қаралып жатыр.
Мүндай саяси билік АҚШ-тың сыртқы саясатына да эсер етуі мүм-
кін. Dole және United Fruit сияқты трансұлттық компаниялардың мүд-
десін қорғау үшін, АҚШ - XX ғасырда Гватемалада, Гондураста және
Латын Америкасының басқа да елдерінде диктатураны қолдады. Дәл
осылай трансұлттық мүнай компанияларын қолдау үшін, АҚШ 1951
жылы Иранның сайланған премьер-министрі Мохаммад Моссадехке
қарсы жасырын көтеріліс ұйымдастырып, нәтижесінде, Иран шахы-
ның авторитарлық режиміне қолдау білдірді (Kinzer, 2003). (Шахтың
репрессивті режиміне байланысты халықтың наразылығынан ақы-
ры 1979 жылғы Иран ислам революциясы болды, соның салдарынан
дүниежүзі бойынша ислам фундаментализмі өршіді). Соңғы кездері
кейбір бақылаушылардың тұжырымдауынша, АҚШ Иракқа (Саддам
Хусейннің тұсында), ең алдымен, мүнай компанияларының мүддесі
үшін шабуыл жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: