Кәсіпқой емес мамандар
АҚШ-тағы көптеген жұмысшылар кәсіпқой маман емес. Кәсіби емес
мамандықты игеру үшін қысқа мерзімді білім алу жеткілікті. Олар-
да автономия құқығы үшін өзіндік білім алу мен лицензиялық стан-
дарттар болмайды. Қоғам оларды тек ар-намыс кодексін сақтап, игілік
үшін қызмет етеді деп санамайды. Алайда кәсіпқой емес мамандар
жасаған жұмыс сапасыз деуге келмейді. Кез келген жұмыстағы сияқ-
ты кейбірі білікті, сенімді және өз ісіне адал болса, ал кейбіреулері тек
уақыт өткізу үшін жүреді.
Кәсіпқой емес мамандардың жұмыс орындары әртүрлі болады:
бұл - дүкен менеджерлері, шағын кәсіпкерлік иелері және автомеханик-
терден бастап есік алдын тазалаушыларға, терімшілер мен қоңырауға
жауап беретін операторларға дейінгі қызметті қамтиды. Бірі қара күш-
ке сенсе, екіншісі ақылына сүйенеді. Кейбірі өз бетімен жұмыс істесе,
енді бірі қатаң бақылауда жұмыс істейді. Біреулері (мысалы, элек-
триктер) кәсіпқой мамандардан (мысалы, қоғамдық қорғаушылардан)
көбірек табыс табады. Сондықтан олардың жұмыстарына біржақты қа-
рау қиын.
Дегенмен кәсіпқой мамандарға қарағанда, кәсіпқой емес маман-
дардың табысы, қоғамдағы дәрежесі және қауіпсіздігі әдетте төмен
болады және олардың жұмысы қатаң бақылауда әрі жалықтыратын
сипатта болып келеді. Сонымен қатар кәсіби емес жұмыс орындары
қызмет көрсету секторына (үшінші) жатады: өткен жылдармен салыс-
тырғанда, АҚШ түрғындарының айтарлықтай аз бөлігі қазір фабрика-
лар мен зауыттарда жұмыс істейді; есесіне гамбургер дайындаушылар,
кредиттік карталар компанияларының қарыздарын жинаушылар мен
мейірбикелердің көмекшілері болып істейтіндер көбейген. Сонымен
қатар 7-тарауда айтылғандай, адамдардың көбі бір емес, бірнеше жерде
жұмыс істегенімен, лайықты өмір сүруге қажетті табыс таба алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |