ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
407
Буған Батыс халқы: «Олар расымен ақымақ па? Балалары аз болса
жағдайларының анағұрлым жақсырақ болатынын түсінбей ме?» - деп
таңдануы мүмкін. Бірақ Гананың кейбір тұрғындары үшін бұл әлі де
дүрыс шешім ретінде жалғасып келеді.
Саяси жауаптар
Халық санын азайту үшін Ганада отбасын жоспарлау бағдарламасы
жасалып, әйелдер үшін жүктіліктен сақтану құралдарын қолжетім-
ді әрі қолайлы етті. Осылайша, әйелдердің қалауын шектеудің ама-
лы табылды. Сонда да қазіргі кезде тұрмыстағы ганалық әйелдердің
тек 17 пайызы ғана заманауи контрацепция қүралдарын қолданады
(Population Reference Bureau 2011a). Олардың көбі - жас, білімді, қала-
лық әйелдер. Зерттеулер көрсеткендей, туу коэффициенты төменде-
тудің бірден-бір жолы контрацепция құралдарына қолжетімділікті
арттырумен қатар, білім беру және экономикалық дамыту арқылы
әйел мәртебесін көтеру болып отыр (Poston, 2000).
Достарыңызбен бөлісу: