Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет786/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   782   783   784   785   786   787   788   789   ...   870
ӘЛЕУМЕТТІК  ӨЗГЕРІСТЕР

435

мен  мақсатына  мән  береді  (Hall  &  Leicht,  2010).  15.1-кестеде  көрсетіл- 

гендей,  балама  қозғалыстар  кейбір  тұжырымдар  мен  әрекеттерге 

өзгеріс  енгізуге  бағытталған.  Мысалы, бірнеше топ  мемлекет бойын- 

ша қоғамдық бақшада жүмыс істеу үшін немесе соған адамдар тарту 

үшін жұмыспен  қамтамасыз  етіледі.  Олардың айығу қозғалыстары 

жеке  сенімдер мен тұжырымдарды түбегейлі  өзгертуге  бағытталған. 

Мысалы, жасырын маскүнемдер  тобының  мүшесі  болашақта  өмірге, 

ішімдікке деген  көзқарасын  және  ортасын  өзгертеді деп  болжанады. 

Керісінше, реформистік қозғалыстар (жануарлардың,  азшылықтың 

және әйелдердің қүқығы үшін күресушілер) белгілі деңгейде қоғамды 

өзгертуге  ынталы,  ал  революциялық  қозғалыс  қоғамды  түбегейлі 

өзгерткісі  келеді.  Мысалы,  «Талибан»  ұйымы  Ауғанстанда теократия 

құру үшін күресті, ал Коммунистік партия капиталистік жүйені жою- 

ға ұмтылады.

Ұжымдық мінез-құлық сияқты әлеуметтік қозғалыс та қалыптас- 

қан жағдайды  өзгертуге  ұмтылады.  Сол  себепті олар  бір-бірімен  бай- 

ланысты болады.  Біріншіден, халықтың көз алдында болу үшін әлеу- 

меттік қозғалысқа ұжымдық мінез-қүлықтың қолдауы қажет (Marx & 

McAdam,  1994).  Заңсыз  наразылық білдірушілер  мен  оларды тоқтату- 

ға шыққан полиция қызметкерлері сияқты  ешбір оқиға  адамдардың 

назарын  аударта  алмайды.  Екіншіден,  үжымдық  мінез-құлық  әдет- 

те  белгілі  бір  уақытпен  және  жермен  шектеледі.  Алайда  күндердің 

күнінде  жағдай  ушығып  кетсе  тағы да  қайталануы  мүмкін.  Мұндай 

әрекет төменгі деңгейде болса да қоғамдық қозғалысқа септігін тигізе 

алады (Tilly, 2004).

13-бөлімде  айтылғандай,  АҚШ  азаматтары  саясатқа  аса  қызық- 

пайды.  Бірақ кейбір  адамдар  бейжайлықты  қойып, жүйені  өзгертуге 

тырысады. Неге? Қандай жағдайда әлеуметтік қозғалыстар сәтті неме­

се сәтсіз аяқталады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   782   783   784   785   786   787   788   789   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет