434
15-ТАРАУ
Әлеуметтік қозғалыс - әлеуметтік
институттарды, қарым-қатынасты
және өмір салтын өзгерту
мақсатымен біріккен адамдардың,
топтар мен ұйымдардың
қозғалысы.
нымен қатар Марди Грас кезінде көшеде топтардың ішкілікке салынып
жүруі жатады. Мұның бәрі - жеке тұлғалар мен топтардың ерекше не-
месе күрделі жағдайға бірлескен тосын жауабы ретіндегі жоспарланба-
ған, импровизациялық әрекеттер. Ұжымдық мінез-қүлықтың әлеумет-
тік қозғалыстардан айырмашылығы бар (кейін толығырақ айтылады).
Ұжымның мінез көрсетуі, көбінесе ұзаққа созылмайды, себебі қатысу-
шылардың айқын әлеуметтік жоспары мен мемлекеттік саясатқа эсер
етуге қажет ресурстары болмайды. (Кейбір әлеуметтанушылардың
пайымдауынша, әлеуметтік қозғалыстар - үжымдық мінез-құлықтың
формасы, бірақ басқалары, соның ішінде оқулық авторлары да бұл та-
қырыптарды бөлек қарастырғанды жөн санайды).
Бұған дейін айтылгандай, топтың мінез-құлық мәдени ережелері
жоқ болса немесе қисынсыз болса және қайта қарау керек болса бой
көрсетеді. Мәдени ережелер көп салада анықталмаған: әйел адам қо-
лына түгелдей тэту сала ала ма? Мектеп пен колледждің арасында бір
жылдық үзіліс жасауға бола ма? Дағдарыс немесе әлеуметтік өзгеріс-
тер жедел болып жатқан кезде мәдени ережелер қисынсыз болып
қалады: апат кезінде кімді бірінші қүтқару керек? Facebook парақша-
сында нені жариялауға болады? Кейбір әлеуметтік топтар қоғамда қа-
лыптасқан ережелер өздеріне қарсы деп санап, олардың күшін жою
үшін немесе қарсылық білдіру үшін әрекет етуге шешім қабылдаған-
да мәдени ережелер қайта қаралады.
Ұжымдық мінез-құлық кез келген жерде - жол жиегінен бастап
түрмелерде, корпорацияларда т.б. бой көрсетеді (Marx & McAdam, 1994).
Сыбыс шықса көшедегі заңсыз саудагерлер тауарларын тез жинап әке-
туі мүмкін; ал түрмедегілер жағдайдың нашарлығына қарсы озбыр-
лық көрсетуі ықтимал. Windows корпорациясында жұмыс үстеліне
арналған белгілі бір тұсбейне еденнен көрінсе, аяқ астынан танымал
болуы ғажап емес; қызмегкерлер бір-біріне бомбаланған ғимараттан
шығуға көмектесе алады немесе томен жалақыға үнсіз наразылық
ретінде жұмысты бейресми түрде бәсеңдете бастайды.
Ұжымдық мінез-қүлық наразылық ретінде жоспарланбаса да
қалыптасқан жағдайға тиімді эсер ете алады. Мысалы, колледж
студенттерінің ішімдік ішіп, ұятсыз қылық көрсеткен суреттерін
Facebook желісіне жүктесе, онда көпшілік студенттерді осы кейіпте
қабылдай бастайды. Ұжымдық мінез-құлық пен әлеуметтік қозғалыс
арасындагы айырмашылық - әлеуметтік қозғалыстың ұзақ мерзімге
созылып, әлеуметтік өзгеріс тудыруға бағытталатынында.
Ә л е у м е т т і к қ о з ғ а л ы с т а р
Әлеуметтік қозғалыс - әлеуметтік институттарды, қарым-қатынас-
ты немесе өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдар, топтар
және ұйымдар (Tilly, 2004). Мысал ретінде, иммигранттардың құқы-
ғын қорғау үшін Уолл-стрит көшесін басып алуды және жергілік-
ті мектептерді жақсарту үшін жаппай наразылық білдіруді айтуға
болады.
Әлеуметтік қозғалыстар бір-бірінен қатты ерекшеленуі мүмкін.
Кейбіреуі қоғамды өзгерткісі келеді, енді бірі адамды өзгертуге ты-
рысады. Бір топ экстремалды (мысалы, қарулы қарсы тұру немесе жа-
рылыс күші бар отты қару қолдану) әдістерге сүйенеді, тағы бірі заң
шығарушыларға ықпал етуге немесе білім беру кездесулерін ұйымда-
стыруға көп күшін жұмсайды. Екі әдісті де қолданатындар бар.
Әлеуметтік қозғалыстардың түрлерін ажырату үшін әлеумет-
танушылар олардың енгізуге тырысатын өзгерістерінің ауқымы
|