ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
437
А жағдайы
Уақыт
Уақыт---------------►
Уақыт---------------►
15.1-СЫЗБА. Болжал, марапаттау және
сал ы сты р м ал ы депривация
Салыстырмалы депривация теориясы
бойынша, болжал (Е) мен марапаттау
(R) арасында айырмашылық шыққан
кезде депривация пайда болады. Бұл -
адамдарға қолжетімді марапаттар
азайған кезде (А жағдайы), марапаттау
мүлде болмаған кезде (В жағдайы)
немесе марапаттау тым көп болған
кезде (С жағдайы) болуы мүмкін.
Салыстырмалы депривация теориясының негізгі құрылымдық-функ-
циялық теориямен бірдей. Басқа да құрылымдық-функциялық теория-
лар сияқты бұл теория да қалыпты жағдайда қоғам бірқалыпты қызмет
етеді деп санайды. Осы теорияға сәйкес әлеуметтік қозғалыстар әлеумет-
тік және мәдени ұйымдардың ықпалымен әлеуметтік өзгерістер әркел-
кі болғанда ғана немесе өзгерістер қарқыны өте тез болғанда ғана пайда
болады.
Салыстырмалы депривация теориясының негізгі екі сыни көз-
қарасы бар (Walder, 2009). Біріншіден, эмпирикалық дәлелдер абсо-
лютті немесе басқаларға қарағанда салыстырмалы депривацияға
ұшырағандардың әлеуметтік қозғалыстарға қатысатыны анық деген
болжамдарды растамайды. Шын мәнінде, әлеуметтік қозғалысқа қа-
тысушылар өз тобының ең үздіктері болады. Мысалы, 2001 жылы Ха-
лықаралық сауда үйін қиратқан 19 террористің бәрі білімді әрі ба-
қуатты болған. Басқа да жағдайларда адамдар өзінің қатысы жоқ
әлеуметтік қозғалыстарға араласып, оларды басқарады. Мысалы, Оң-
түстік Африкада адамдарды нәсіліне қарай оқшаулауға қарсы күрес-
кен «ақтарды» және жануарлар қүқығы үшін күресушілерді айтуға
болады. Екіншіден, теория салыстырмалы депривацияның әлеумет-
тік қозғалыс туғызатын жағдайларын анықтай алмайды. Салыстыр
малы депривацияны бастан өткерген кейбір адамдар неге әлеуметтік
қозғалысқа барады, ал кейбіреуі неге бармайды? Салыстырмалы деп
ривация әлеуметтік қозғалыста белгілі бір рөл атқарады, бірақ оның
дамытушы күші болып саналмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |