Тоғысқан отбасы - балалары бірнеше үйдің арасында
өмір сүретін отбасы.
Ton - өзара әрекеттесетін және өзара тәуелділікті мо-
йындайтын екі немесе одан да көп адамға ортақ
әлеуметтік құрылым.
Топтық сана сыни ойлауды шектеп, өзара келісу-
ге итермелейтін ықпал бар кезде пайда болады.
Бұл - пікірталастық сыни ойлауды тоқтата ала-
тын күш.
Төмендеуші ассимиляция - иммигранттардың ұр-
пақтарыныц негізгі топқа емес, АҚШ-та туған аз-
шыл топтардың «жасырын» әлеміне сіңу процесі.
Трансгендерлік тұлғалар - жынысы және жыныс-
тық бірегейлігі нақты емес, өзін нақты «ер-
кекпін» немесе «әйелмін» деп айта алмайтын
адамдар. Олардың кейбіреулері - гермафродиттер,
енді біреулері - транссексуалдар.
Трансүлттық корпорациялар - тауарларды халық-
аралық деңгейде өндіретін және сататын ірі кор
порациялар.
Достарыңызбен бөлісу: |