Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет117/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   870
1.2-СЫЗБА  Колледждегі бағаүлгерімі 

мен ішімдік ішу жиілігі

Бұл мәлімет ішімдікті жиі ішкен сайын 

студенттің бағасы нашарлағанын 

көрсетеді. Алайда бұл дерек студенттің 

төмен баға алуына ішімдік себепкер 

болды дегенді білдірмейді.

ДЕРЕККӨЗ: Бойнтон Денсаулықсақтау 

қызметі (2008).

Соңғы 19 күннің ішінде қай 

күндері ішімдік іштіціз?




54

1-ТАРАУ

да  ішімдік  ішетіндер,  (3)  күйзеліп жүрсе де  ішпейтін  адамдар  және 

(4)  күйзеліске  ұшырамағандықтан  ішпейтін  адамдар  деп  шартты 

атау берілген төрт топтың үлгерімін салыстырамыз.

Бұл  стратегияны  әлеуметтанушы  Роберт  Кросне  (2006)  жасөспі- 

рімдер  арасында  алкогольді  ішімдік  ішуді  зерттеу  үшін  қолданған. 

Ол  өз  зерттеуін АҚШ  федералдық үкіметінің  орта  және жоғары  мек- 

тебінің шамамен 12 мьщ оқушысынан жинаған көпжылдық деректе- 

ріне сүйеніп жасаған.

Деректер  көп жыл  бойы жиналғандықтан  Кросне  оқушылар  үл- 

герімі  төмендеуден  бұрын  ішімдік  іше  бастағанын  айтады.  Зерттеу 

өте  ауқымды  болғандықтан  оқушыларды  әртүрлі  айнымалы  шама- 

ларға  сәйкес  бөліп,  томен  баға  оқушылардың  алкоголь  ішуіне  эсер 

еткеніне, басқа факторлардың үлгерімнің төмендеуіне және ішімдік- 

ті көп ішуге ықпалы болмағанына көзін жеткізді.

Сауалнама  көлемі  жағынан  ауқымды,  уақыт  жағынан  көп  ке- 

зеңді  қамтитындығына  қарамастан,  бұл  тәсілдің  үлкен  кемшілігі - 

сауалнамаға  жауап  берушілер  шындықты  бұрмалауы  мүмкін.  Жиі 

ішіп жүрген адамдар да, ішпейтіндер де басқалар жақтырмайды деп 

жасқанғандықтан  өздері  туралы  өтірік  айтуы  ғажап  емес.  Әлеумет- 

танушылар  мұндай  бұрмалаушылықты  әлеуметтің  қажеттілігіне 

бейімделу деп  атайды,  мұнда  адамдар  шындықты  өз  қалауына  қа- 

рай өзгертіп көрсетеді, оның себебі -  олар жақсы, әдемі және өзгелер- 

дің  көңілінен  шыгатындай  болып  көрінгісі  келеді.  «Деректерге  ден 

қойсақ:  18  бен  20  жас  аралығындағы  күндізгі  бөлім  студенттерінің 

алкогольді ішімдік ішуі» атты бөлім осы тақырып бойынша ұлттық 

зерттеудің  деректерін  береді.  Деректер  кәмелетке  толмағандардың 

ішімдік ішуі (соның ішінде  салынып ішуі) кең таралған жағдай еке- 

нін  айтады  (дегенмен  әлеуметтің  қажеттігіне  бейімделу  бұл  дерек­

терге эсер етуі мүмкін екенін де ескерген жөн).

Бұл  мысалға  қарасақ жасырын  немесе  әлеуметтік  тұргыдан  қа- 

былданбайтын  мінез-құлықты  зерттеу  үшін  сауалнама  жақсы  әдіс 

емес.  Сондай-ақ  бұл  -   сұрақ-жауап  формасына  сыймайтын  идеялар 

мен  сезімдерді зерттеу үшін де  жақсы  әдіс  емес. Оның үстіне,  сауал­

нама  негізіндегі зерттеу адамды  қалыпты  жағдайдан тыс  ортада  са- 

ралайды.  Егер  біз  адамдарды  ішімдік  ішуге  мәжбүрлейтін  жағдай- 

ларды және әлеуметтік контекстерді түсінгіміз келсе мұның орнына 

қатысу арқылы бақылау әдісін қолданғанымыз абзал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет