Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет125/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   870
Әлеуметтанушылар: олар 

немен айналысады?

Әлеуметтанушы  дипломын  алғаныңыз  -   беделді де  табысты  маман 

болып шыққаныңыз. Дегенмен мұнан кейінгі өмір жолыңыз магист­

ратура  мен  докторантурада  оқуды  жалғастыруыңызға  байланысты 

болмақ.

Бакалавр әлеуметтанушылар

Гуманитарлық  саладагы  басқа  ғылымдар  сияқты  әлеуметтану  да 

көптеген  салада  жүмыс  істейтіндерге  бастапқы  білім  береді.  Соны- 

мен қатар  әлеуметтану студенттерді  сыни тұрғыдан  ойлауға, дерек- 

терді талдауға,  әлеуметтік проблемаларды және  адами  қарым-қаты- 

настарды  түсінуге  баулиды.  Сондықтан  «Әлеуметтану»  мамандығы 

бойынша  бакалавр  дәрежесін  алып  шыққан  маман  журналистика, 

бизнес,  педагогика,  денсаулық  сақтау  және  басқа  көптеген  салалар­

да  жақсы  қызмет  ету үшін  кәдеге  жарайтын  дағды  мен  білім  алып 

шығады. Мұнымен қоса, бакалавриатта әлеуметтанудан алған білім 

әрі қарай көптеген сала бойынша магистратура мен докторантураға 

түсуге тамаша мүмкіндік береді. Мысалы, Мишель  Обама  заңгерлік 

мамандығына  келерден  бүрын  әлеуметтанудан  бакалавр дәрежесін 

алған.


Дегенмен егер әлеуметтанушы болып жүмыс істегіңіз келсе осы 

мамандық  бойынша  академиялық  дәреже  алуыңызға  тура  келеді. 

Кейбір  жұмыстар  үшін  магистр  дәрежесі  жеткілікті  болуы  мүмкін; 

енді бір жұмыстар PhD дәрежесін талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет