Коммерциялық емес ұйымдардағы
әлеуметтанушылар
Коммерциялық емес үйымдарға ауруханалар мен емханалар, әлеу-
меттік белсенді ұйымдар және жекеменшік сараптамалық орта-
лықтар жатады; әлеуметтанушылар осы ұйымдардың барлығында
жұмыс істейді. Мысалы, «СПИД-ті зерттеудің америкалық қорының»
әлеуметтанушылары бей-берекет қатынасқа баруға түрткі болатын
себептерді зерттеп, сақтануға ынталандыратын түрлі стратегиялар-
дың тиімділігіне баға берді. Олар, сондай-ақ СПИД-тің таралуына
тосқауыл қою үшін халыққа ұнай бермейтін шешімдерді, мәселен,
нашақорларға жаңа инелерді тегін тарату сияқты шешімдерді қа-
былдатқызу мақсатында тиісті зерттеу жүргізді.
Әлеуметтанушылардың көбі ғылыммен айналысады, дегенмен
коммерциялық емес ұйымдарда немесе неке, отбасы, сауықтыру
ұйымдарында кеңесші болып жұмыс істейтін әлеуметтанушылар-
дың саны да көбейіп келеді. Әлеуметтанушылар алатын білім пси-
хологтар, әлеуметтік қызметкерлер және басқа кеңесшілер алатын
білімнен өзгеше, бірақ әлеуметтанушылар да жеке проблемалардың
|