ӘЛ ЕУМЕТТЕНУ
97
расын қабылдап, басқа жұмыс іздеуге ұйғаруы ғажап емес. Алайда ол
әріптестерінің өз оқыту әдістемесін мақтаган кезін немесе басқа сту-
денттерінің дәрісті қалай бағалағанын есіне түсірсе болды. Сөйтіп, ол
осы семестрде келген студенттердің оқытушы білімін бағалау деңгейі
жеткіліксіз деген қорытынды жасай алады.
Сонымен біздің өзіміз туралы тұжырымдамамыз айналамыз-
дағы адамдардың көзқарастарының механикалық көрінісі ғана емес;
керісінше, өзгелердің гіікіріне қатысты біздің пайымдауларымыз
бен жауабымызға негізделген. Біз өзіміз туралы тұжырымдаманы
анықтауға белсене араласамыз, кімнің пікірін қабылдау керектігін
таңдай отырып, басқа адамдардың пікірлерін түсіну үшін басымыз-
дан өткен тәжірибені қолданамыз.
Символдық интеракционизм теориясы субъективті пайымдауды
«мен» тұжырымдамасының өте маңызды факторы ретінде қарастыра-
ды. В.И. Томастың классикалық тұжырымында символдық интерак-
ционизмнің осы алғышарты анық көрінеді: «Адамдар жағдайды
нақты деп анықтаса оның салдары да нақты болады» (Thomas & Thomas,
1928, 572). Адамдардың басқалармен өзара әрекетке түсуі, өзгелердің
пікірі туралы субъективті пайымдауларына негізделген. Осылайша,
басқалардың ой-пікірлерін дәл көрсете ме, жоқ па - субъективті пай-
ымдаудан нақты нәтиже шығады.
Рөлді қабылдау
Символдық интеракционизм теориясының өткен ғасырдағы ең
ықпалды зерттеушісі Джордж Герберт Мид болды (Stryker, 2008).
Мид (1934) өзім деген ұғым
Достарыңызбен бөлісу: |