ӘЛЕУМЕТТЕНУ
95
Кейінгі тараулардан көретініміздей, құрылымдық функцияшыл-
дар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік меке-
мелер балаларды әлеуметтік өмірге еркін араласуы үшін әлеумет-
тендіреді деп санайды. Отбасында балалар өз-өзін ұстауды, мектепте
уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім
жасауды (намаз оқуды немесе дұға етуді), жақсы мен жаман, дұрыс
пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйренеді.
Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеу-
меттену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Әлеуметтенудің арқасында
жастар қоғамның бақытты әрі айтулы мүшесі бола алады. Ең жақсы
жағдайда әлеуметтену құрылымдық функцияшылдардың сенімде-
ріне сай жұмыс істейді. Балалар ересектер әлеміне бейімделуді және
болашақтағы өзгерістерге дайын болуды үйренеді. Алайда осы тео-
рияның сыншылары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру ке-
зінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін
қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл - конфликт
теориясы ғалымдарының көзқарасы.
Достарыңызбен бөлісу: |