ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
119
ел экономикасы тұрақтылығын сақтап қалды. Ал Оңтүстік Африка
Республикасының үкіметі бұл дертке заманауи тұрғыда баға беруден,
оның алдын алудан бас тартты. Соның кесірінен, СПИД инфекциясын
жұқтырғандар көбейіп, отбасылар, мектептер және экономика құр-
дымға кетіп жатыр.
Институттардыңөзара тәуелділігі
Қоғамның әрбір институтын тәуелсіз әлеуметтік құрылым деуге бо-
лады, бірақ олардың ешқайсысы жалғыз тұра алмайды. Керісінше,
институттар бір-біріне тәуелді, олардың әрқайсысы басқаларына эсер
етеді және басқа институттар да оларға эсер етеді.
Әдетте тұрақты қоғамда бір институтгың рөліне кіретін норма-
лар мен құндылықтар басқа институттармен үйлесімде болады. Мы-
салға, еркектердің үстемдігін мойындайтын, отбасында үлкендердің
айтқанына бағынатын қоғамның діни, экономикалық және саяси
жүйелерінде де осы нормалар жұмыс істейді. Олай болса, өзара тәуел-
ділік нормалар мен құндылықтарды орнықтырады және әлеуметтік
тұрақтылықты арттырады.
Алайда, кейде өзара тәуелділік әлеуметтік өзгерістерге септесетін
маңызды механизм бола алады. Әрбір мекеме бір-біріне эсер ететін-
діктен біреуінің өзгерісі басқалардың да өзгеруіне әкеледі. Экономи-
кадағы өзгерістер отбасының өзгеруіне, діндегі өзгерістер үкіметтің
өзгеруіне әкеледі. Мысалы, ерлер жүмыс табу үшін басқа елге көшуге
мәжбүр болса, мұның өзі елде қалған отбасының құрылымына көп
әсерінтигізеді.
І
Дін - негізгі әлеуметтік
институттардыңбірі. Ілімдері
мен әдет-ғұрыптары әртүрлі
болғанымен, барлық мәдениеттер
мен қоғамдарда өздерінің
басқаруынан тыс оқиғалар мен
құбылыстарды тусіндіруге мүмкіндік
беретін наным-сенімдербар.
Достарыңызбен бөлісу: |