Әсерлердібасқару
Біз жоғарыда адамдардың күнделікті кездесулерде не істейтініне
көп назар аудардық. Бірақ бүл әрекеттерді адамдардың не үшін
істейтінін сұраудың да маңызы зор. Әлеуметтанушылар көбіне
бұған: «Адамдар қоғамдағы орнын нығайтып, өзіне деген сенімді
қалыптастыру үшін істейді», - деп жауап береді (Owens, Stryker, &
Goodman, 2001; Guadagno, Cialdini, 2007).
Басқалардың біз туралы көзқарастарын басқару үшін жасай-
тын іс-әрекетімізді әсерді басқару деп атаймыз (Goffman, 1959). Біз
көбіне басқалардың қоғамдық қолдауына ие болу үшін әсерді бас-
қаруға тырысамыз. Сәнді киініп, шашымызды әдемілеп тарап, өз-
гелермен сыпайы да сырбаз қарым-қатынас жасауға күш саламыз.
Дегенмен кейде әсерді басқару, керісінше, әлеуметке ұнамсыз бо-
лып көріну үшін пайдаланылады. Мәселен, панктер, готтар, «эмо-
лар» немесе бұзақы топтар басқалар өздерінен қорқып, жиіркенуі
үшін ерекше шаш және киім үлгісін таңдайды (Willkins, 2008; Pytts-
Taylor, 2003). Бұл тақырып «Америкадағы әркелкілік: Готтар» деген
бөлімде көбірек талқыланады.
Қазіргі күндері біз онлайн өмірде де, жүзбе-жүз кездесуде де
әсерді басқару әдісін қолданамыз. Facebook-тегі профилімізді өзгер-
тіп, Second Life-тағы аватарымызды жаңартқан сайын өзгелердің
алдындағы имиджімізді қалыптастырамыз (Turkle, 2011).
Оның үстіне, өзіміздің іс-әрекетіміз бен таңдауымызды түсін-
діру үшін де әсерді басқару тәсілін қолданамыз. Мұндағы басты екі
стратегия - айыпты болмау және ықыласқа бөлену.
Достарыңызбен бөлісу: |