4 -ТА РА У
Қорытынды
1. Әлеуметтік қарым-қатынастың қайталанатын
үлгілерін, яғни қоғамның құрылымын сарап-
тау мәртебе, рөл және институт деген үш ұғым-
ның айналасында жүреді. Мәртебе дегеніміз -
топ ішіндегі арнайы дәреже, ол туабітті болуы
мүмкін немесе бұл мәртебеге өмір жолында
қол жеткізуге болады. Рөлдер белгілі мәртебесі
бар адамның қалай әрекет етуі керектігін анық-
тайды.
2. Адамның қоғамдағы жалпы қажеттіліктері ор-
тақ болғандықтан негізгі қажеттіліктерді көр-
сететін әлеуметтік қүрылымдар да ортақ. Мұн-
дай ортақ институтгарға отбасы, экономика,
үкімет, білім және дін институттары жатады.
3. Институттар өзара тәуелді: олар жалғыз әрекет
ете алмайды, біреуі өзгерсе, екіншісінде де өзге-
ріс болады. Құрылымдық функцияшылдардың
пайымдауынша, институттар мінез-құлықты
реттеп, қоғам өмірінің тұрақтылығын сақтай-
ды әрі оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып оты-
рады. Конфликт теориясының мамандары бұл
ерекшеліктер кейбір топтарға басқаларынан кө-
бірек игілік әпереді деп санайды.
4. Институциялық дамуды анықтайтын маңызды
фактор - қоғамның экономикалық пайда табу
мүмкіндігі. Өндірістегі әрбір маңызды жетістік
Достарыңызбен бөлісу: |