ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
141
Керісінше, өзімізді өзімізден төмен адамдармен салыстырсақ, бақыт-
тырақ сезіне бастаймыз.
Дженнифер Хикес Лундквист (2008) әскери өмірге қанағаттану
сезімін зерттей отырып салыстырмалы депривацияның ықпалы-
на көз жеткізді. Бір қызығы, шынайы өмірде бәрі керісінше болса да
Лундквисттің зерттеуі бойынша, афроамерикалық әйелдер ең бақыт-
ты, ал ақ нәсілді ерлер ең бақытсыз адамдар болып шыққан. Мұны
қалай түсінеміз? Мұның себебі, афроамерикалық әйелдер армияға қа-
рағанда азаматтық өмірде көбірек кемсітілетіндіктен өздерінің әскер-
де қызмет еткеніне қуанады. Ал ақ нәсілді ерлер азаматтық өмірде
жүрген өздері сияқты адамдар көбірек жетістікке жетті деп санап, өз-
дерін бақытсыз сезінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |