Т о п т а ғы ы н т ы м а қ т а с т ы қ -
топ мүшелерінің өзара қарым-
қатынасының жоғары деңгейімен,
өзара күшті сезімімен және бір-
біріне тәуелділігімен сипатталады.
дың қайсысына жататынымызға қарамастан, олардың қызметі сол
топ мүшелері арасындағы қарым-қатынастың сапасына байланыс-
ты. Бұл бөлімде шағын топтардағы өзара әрекеттерге эсер ететін кей-
бір маңызды факторлар қарастырылады. Өзара әрекеттесуге топтың
көлемі, адамдардың физикалық жақындығы, коммуникация үлгілері
және топ мүшелерінің ынтымағы эсер етеді.
Топтыңкөлемі
Көлемі жағынан ең шағын топ екі адамнан тұрады. Топтағы адамдар
саны уш, төртке жетіп және одан да көбейген сайын оның сипаты да
өзгереді. Топтың әрбір мүшесі өз пікірін бөлісіп, шешім қабылдауга
үлес қосады: 15 студенттен тұратын топ пен 500-ден астам студенттен
тұратын тоитың арасындағы айырмашылықты ойлап көріңіз. Көп
жағдайда үлкен топ үлкен мәселелерді шешіп, жауабын таба алады.
Үлкен топ көп идеяларды іске асырғанмен әрбір адамның топқа эсер
ету мүмкіндігі төмендейді. Топтың көлемі артқан сайын топ мүше-
лері арасындағы өзара іс-әрекет дербестігі, сондай-ақ олардың дара-
лығы мен жеке қанағаттанушылығы төмендей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |