Қосалқы топтар
Қосалқы топтың негізгі топтан айырмашылығы - олар ресми әрі
ауқымды болып келеді және олар жеке адамға негізделмеген. Негізгі
топтың басты мақсаты - адамның экспрессивті қажеттіліктерін қа-
нағаттандыру болса, қосалқы топ инструменталдық қажеттіліктерді
өтейді, яғни белгілі бір шаруаны орындауға қызмет етеді. Қосалқы
топтардың табиғаты рационалды әрі келісімшартқа негізделген бо
лып келеді, оның мүшелері белгілі бір мақсатқа жетуді ғана көздей-
ді (мәселен, жүмыс істеп, қосымша ақша табу, аяқкиім алу, жалақы
алу, т.с.с.). Олардың бір-біріне деген қызығушылығы осы келісімшарт-
тардың шеңберінен аса алмайды. Бұл екі топтың арасындағы айыр-
машылық «Тұжырымдама қорытындысы: негізгі және қосалқы топ
тар» деген бөлімде кеңінен талқыланады.
Қосалқы топтың негізгі мақсаты - нақты міндетті орындау. Егер
ұшақ жасағыңыз келсе, әлеуметтік жобаға ақша жинауды қаласаңыз
не 2 мың адамға әлеуметтануды оқытқыңыз келсе, онда сіз қосалқы
топтың көмегіне жүгінесіз. Үйімізді тұрғызуға, азық-түлігімізді жет-
кізуге, балаларымызды оқытып, ауруымызды емдеуге солар жауапты.
Яғни оларсыз біз ештеңе істей алмаймыз.
Қоғамның ауқымы кеңейген сайын қосалқы топтардың маңызы
артып келеді. Индустриялануға дейінгі қоғамдарда адамдар өз отба-
сы мүшелерінен немесе маңайындагы шағын топтан басқалармен
өте сирек әрекетке түсетін. Бүгінде біз түрлі топтарға мүше болып,
қиюласқан қоғамда өмір сүреміз, оның үстіне біздің негізгі топпен
байланысымыз да нашарлап барады. Адамдар жұмысын, тұратын
|