Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Case study: девианттылықты медицина



Pdf көрінісі
бет337/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   870
Case study: девианттылықты медицина 

тұрғысынан түсіндіру

Соңғы жылдары бұрын «девиантты» деп аталған мінез-құлықтың көп 

түрі психикалық ауру қатарына жатқызылып жүр. Жағдайға анықта-



ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ,  ҚЫЛМЫС  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ  БАҚЫЛАУ

173


ма беру үшін ат таңу теориясының субъективті мағынаға баса мән бе- 

руі және  конфликт теориясының күшке  көбірек көңіл  бөлуі -  бұл  өз- 

герістің неден болғанын түсінуге мүмкіндік туғызады.

Батыс қоғамының ең ықпалды қоғамдық институты бес жүз жыл 

бүрын  шіркеу  болған.  Ол  заманда  ішімдік  ішкен  адамдар  күнәьар 

деп есептеліп,  оларды  министрлер  (сол уақыттың моральдық кәсіп- 

керлері)  халық  алдында  масқаралап  отырды.  1800  жылдарға  қарай 

мемлекет пен қылмыстық сот төрелігі шіркеуден гөрі күштірек рөл- 

ге ие  болды. Министрлер  ішімдік ішкендермен күресін жалғастыра 

бергенімен,  олар  енді  қылмыскер  ретінде  қарастырылып,  түрмеге 

қамалды.

Бұл  күндері  шіркеулер  мен  соттар  дәрігерлермен  және  фармацев- 

тикалық компаниялармен  билік үшін  бәсекеге түсіп жатыр.  Біреулер 

қоғамдық  орындарда  ішімдік  ішкендерді  қылмыскер  ретінде  қарас- 

тырса, өзгелер үшін олар әлі де күнәьарлар болып есептеледі. Ал басқа- 

лары  бұл  адамдар  алкоголизм  дертіне  шалдыққан  деп  есептейді.  Мі- 

нез-құлық өзгерген жоқ және ол әлі де девианттылық болып саналады. 

Ал және бір топ (дәрігерлер) девианттылыққа анықтама беріп жатыр.

Салынып ішумен қатар, балаларды ұру, құмар ойын ойнау, кісі өл- 

тіру және зорлау секілді басқа да қылмыстық әрекеттерді кейбіреулер 

полициядан  гөрі  дәрігердің  көмегімен  емделетін  психикалық  ауру 

ретінде қарастырады (Conrad, 2007). Бұған қоса, адамның мінез-құлқы

сырт  келбеті  мен  басқа  да  көп  ерекшеліктері  ауру  қатарына  жатқы- 

зылған.  Дәрігерлер  енді  кеудесі  кішкене  әйелдердің  өзін-өзі  томен 

бағалау  «сырқатын»  емдеу  үшін  косметикалық  хирургияны  ұсынса, 

фармацевтикалық компаниялар ұялшақ адамдарды  «қоғамдық үрей- 

лену дертінен»  жазу  үшін  дәрілер  ұсына  бастады  (Conrad,  2007;  Lane, 

2007; Sullivan, 2001)

Сонымен  қатар  қазір  фармацевтикалық  компаниялар  дәрігер- 

лерді  жұмыссыз  қалған  немесе  отбасы  мүшесі  қайтыс  болған  адам- 

дарға  «ауыр  күйзеліске  шалдыққан»  деген  диагноз  қоюға  және 

оларды  күшті  препараттармен  (Horwitz  8с  Wakefield,  2007)  емдеуге 

шақырады.  Адамның жаман  әдетін,  оғаш  қылығын  немесе  мінезде- 

гі түрлі  ауытқуларды  ауруға  жатқызу м едикализация деп  аталады 

(10-тарауда бұл тақырып кеңірек талқыланады).

Адамның  мінез-құлқы  медикализацияға  ұшыраса  не  болады? 

Бұрын  «нашар  кісі»  немесе  «дөрекі  адам»  деп  аталғандар  енді  «сыр- 

дат»  деп  танылып,  оларды  жазалау-кінәлауды  тоқтатып,  жанашыр- 

лық танытып, емдей бастайды (Conrad, 2007). Ат таңу және конфликт 

теориялары дүрыс болжағанындай, билікке жақын адамдар мұндай- 

да «ауру» деген  атты  оңайырақ иеленеді. Дүкендерде  ұрлық жасауға 

құмар  жоғарғы  таптың  әйелдері  «жүйкенің  обсессивті-компульсив- 

ті  бұзылуы»  деген  дерттен  емделеді,  дәл  сондай  жымқырмасы  бар 

төменгі  тап  өкілі  ұрлық  жасағаны  үшін  тұтқындалып,  сотталады. 

Мектепте  тәртіп  бұзған  орта  әлеуметтік  тап  баласының  іс-әрекеті 

гиперактивтілік деп саналса, төменгі әлеуметтік сатыдағы бала кәме- 

летке толмаған құқық бүзушы ретінде жазалануы ықтимал.

Қылмыс

Жоғарыда  айтылғандай,  қылмыс  -   қоғамға  жат  болғандықтан,  заң 

арқылы тыйым салынған девиантты әрекет. Бүл бөлімде біз қылмыс- 

тың түрлерін қысқаша талқылаймыз. АҚШ-тағы қылмыс деңгейін қа- 

растыра отырып, осы қылмыстардың барлығын кімдер жасауы ықти- 

мал екенін талдаймыз.

Медикализация - бір мәселені 

медициналық мәселе ретінде 

қарастыру процесі.



174



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет