ДЕВИАНТТЯМ ІНЕЗ-ҚҰЛЫ Қ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
185
АМЕРИКАДАҒЫ ӘРКЕЛКІЛІК
Назар
аударыңыз
Өлім жазасы және
нәсілшілдік
л
л ч п ж ы л ы
афроамерика-
I 7
ш
ь л ы қ
уш
айыптаяушы
өздерінің өлім жазасына кесілуіне на-
раэылық білдіріп, АҚШ Ж оғарғы соты-
на арызданды. «Фурман Д жордж ияға
қарсы» сот ісінде айыпкерлер жаззны
тым ауыр әрі шектен ш ы ққан жаза
деп атады. Олардың айтуынша, дәл
булардікіндей немесе одан да ауыр
қылмыс жасаған а қ нәсілді амери-
калықтар өлім жазасына кесілмеген.
Мәліметтерді зерттеген Ж оғарғы сот
айыпкерлердің пікірімен келісті. Олар-
дың айтуынша, бул істер судьялар мен
алқабипердің жеке құзы ры на беріл-
гендіктен, олар нәсілдік бурмалауға
жол берген әрі айыпкерлерді конститу-
циялық теңдік қуқы ғы на н айырған.
«Фурман
ісі» бойынша
қабыл-
данған шешім негізінде өлім жазасына
уақытша тыйым салынды, сонымен
бірге өлім жаэасын тағайындауда
судьялар мен алқабилердің е р кінд і-
гі шектелді. Соған қарамастан, 1999
жылға дейін өлім жазасы укім інің
орындалу мөлшері арта берді Бертін
келе нәсілдік теңдікке қатысты сын
кушейіп, «өлім жәзасы - қы лмысты те-
жеудің тиімді әдісі емес» деген зерттеу-
лер көбейген соң ғана өлім жазасына
кесілгендер саны аэайды (Fagan, 2006;
Weisberg. 2005). Бірақ бұл өлім жаэа-
сына қаты сты нәсілдік бурмалауды
тоқтата алды ма7
Өкінішке қарай, тоқтата алма-
ды. Зерттеулерге қарағанда, әлі кунге
дейін адамның нәсіліне қарай оның
өлім жазасына кесілу ы қтималдығы н
болжауға болады. Өлім ж азасының
орындалуын
күтіп
отырғандардың
53 пайызы - афроамерикалықтар
мен испантектілер (Өлім жазасы ту-
ралы ақпарат орталығы, 2009b). Бул
көрсеткіш афроамерикалықтар мен
испантектілердің
жалпы
санының
үлесінен немесе сотталған кісі өл-
тірушілер саны ны ң үлесінен әлдеқай-
да жоғары. Сондай-ақ басқа афроаме-
рикалы қтарға қарағанда, стереотип
бойынша «қара нәсілдіге» жататын
афроамерикалықтардың кіс і өліміне
қаты сты айыпталу ы қтималды ғы екі
есе ж оғары (Eberhardt el аі. 2006).
Өлім жазасына кесу үкім інің ықти-
малдығына жәбірленушінің
нәсілі
де
эсер етеді. Афроамерикалықтарды өл-
тіргендерге қарағанда, а қ нәсілділерді
өлтіргендер өлім жазасына әлдеқайда
көп кесіледі. Бұл статистика қылмыс-
ты қ сот ж үйесінің ақ нәсілділердің
өмірі қара нәсілділердің өмірінен қун-
ды деп санайтынын көрсетеді.
Өлім жазасы ісінен нәсілшілдікті
(және басқа да бурмалаушылықты)
алып тастау проблемасынын көтерілуі
«кінәсіэ адамдардың да жазаланып
жатуы мумкін» деген күд ікті ұлғайтты.
2000-2009 жылдар аралығында ДНК
тестісінің қоры тынды сы бойынша 170
адам ақталды. Қате үкім шығаруға бас-
ты себеп - куәлердің кінәсіз адамдар-
ды айыптауы. Әсіресе куәгер а қ нәсіл-
ді, ал күд ікті қара нәсілді адам болған
жағдайда қате үкім шығарылып жата-
ды Бұған қоса, бул істердегі айыпкер-
лердің көбі кедей болған, оларға тиісті
қу қ ы қ т ы қ көм ек көрсетілмеген неме
се полицейлер оларды кінәсін мойын-
дауына мәжбүрлеген
ғандар саны еселеп артты. Ал балама ұстанымдар әсіресе шағым
жасалмаған және зардабы аздау қылмыс жасаушыларға кеңпе-
йілдікпен қарауға шақырады. Ал девианттылық пен қылмыстың
ауырлау түрлеріне келсек, қылмыстың артуына жол ашып отыр-
ған әлеуметтік проблемаларды реттеп, теңсіздікті азайтып, жұмыс
істеуге тең мүмкіндік бере алады.
Бірақ мұны жүзеге асыру үшін көп күш-жігер, ақша және саяси
капитал жұмсалуы тиіс. Құқықтық сот жүйесіне бөлінетін ақша-
ны білім беру, түрғын үй салу, жүмыс орындарын ашу сияқты ша-
раларға бұру керек әрі күш-жігер мен ақшаны бай аудандардан гөрі
кедей аудандарға бағыттау қажет.
Әлеуметтанудың барлық салалары да, саяси партиялар да қо-
ғамдық бақылаудың қажеттігін мойындайды. Олар зорлау, зор-
лық-зомбылық және есірткімен байланысты қылмыстарды, ізін
суытпай шешуді қажет ететін күрделі мәселе ретінде қарастыра-
ды. Проблема сол шешімнің жолдарына байланысты. Әлеуметтану
ғылымы жеке адамды қылмыс жасағаннан кейін түзетуге тырысу-
дың орнына, қылмыстың өршуіне себепкер болып отырған әлеу-
меттік институттарды өзгерту қажет деп санайды.