СТРАТИФИКАЦИЯ
209
Солай бола тұра, кейбір қарапайым отбасынан шыққан оқушылар
утқырлықты арттыру багытын ұстанады. Олардың барлығы ақылды
және еңбекқор екені анықталды. Бірақ жұмысшы және төменгі тап
оқушылары үшін қол жетпейтін ресурстар бар. Кейбірі орта буыішың
спорттық командаларына немесе мұғалімдер мен кеңесшілер қурған
уйірмелерге қатысқан. Кейбіреулерінің жоғары оқу орнын аяқтаған
және қаржылай әрі рухани түрғыдан қолдайтын (мысалы, жогары оқу
орнынан білім алудың маңызын түсіндіретін және үлгі көрсегетін) туыс-
тары бар. Жоғары оқу орнына түсуге қосымша даярлықтар қарастырыл-
ған мектепті бітіру барлығына тиімді болды. Кейбір оқушылар қоныс
аударган орта тап отбасыларынан шыққан. Бұл оқушылардың оқуга
қажет қаржылай ресурстары болмаса да, сауатты ата-аиаларыиан бойы-
на сінген рухани қоры жеткілікті екені анықталды.
Сол сияқты, Далтон Конлей (2004) «ресурстаріа дифференциалды
жолмен қол жеткізу отбасылар ішіндегі әлеуметтік үтқырлыққа бай-
ланысты» деп түсіндірген. Колледжде оқып жүрген баланың ата-ана-
сы ажырасып немесе әкесі жүмыссыз қалган жағдайда, оның мектепте
оқитын кіші інісіне қараганда колледжді аяқтауга мүмкіндігі көбірек.
Керісінше, ата-анасының табысы уақыт өте келе өссе, олар өздерінің
бірінші баласынан гөрі кіші баласына әлдеқайда көбірек көмектесе
алады. Ата-аналардың барлық баласын оқытуға қаражаты жеткіліксіз
болса, қыздарын емес, ұлдарын оқытуға үмтылады, ец болмағанда, тұң-
гыш баласының оқуын төлеуге тырысады немесе қай баласына үміт арт-
са, сол балаға, ягни бейімі бар баласына білім беруді үйғарады. Ата-аналар
тарапынан көмек, қолдауды негүрлым көбірек көрген балаларға әлеу-
меттік үтқырлықпен алға басу жеңілдеу болады. Джули Бетти зерттеген
оқушылар сияқты, әлеуметтік үтқырлықпен жоғарылау ресурстарга қол
жеткізу мүмкіндігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |