Әлеуметтік тап пен қоғамдағы
өмір
Жалпы, сіздің әлеуметтік таптағы орныңыз өмір сүру салтыңызды
анықтайды. Бүл тарауда АҚШ-тағы әрбір тапқа тән гүрмыс-тіршілік
қысқаша сипатталады.
Кедейлік
АҚШ үкіметі жыл сайын кедейліктің ресми деңгейін немесе кедейлік-
тің шегін, яғни лайықты деңгейде өмір сүру үшін отбасына қажег ең
аз деген ақша сомасын белгілейді. 2011 жылғы көрсеткіш бойынша, 2
ересек адам және 2 баласы бар отбасы үшін кедейлік деңгейі $22,113
құрады (АҚШ денсаулық сақгау және халыққа қызмет корсету депар
тамент), 2011). 2010 жылы 46 миллион адам, ягни америкалықтардың
15.1%-ы ресми кедейлік децгейінен томен үй қожалықтарында өмір
сүрген (DeNevaWalt, Proctor&Smith 2010). Бүл - үкіметтің 50 жыл бойы
жүргізген статисгикасындагы байлар мен кедейлер арасындағы ал-
шақтықтың ең жоғары шегіндегі көрсеткіш.
Достарыңызбен бөлісу: |