Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет404/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   870
СТРАТИФИКАЦИЯ

215


жүмысшы  табындағы  отбасыларды  бір  сәтте-ақ  кедейлікке  ұшыра- 

туы ықтимал (Newman, 1999a).

Болашақтың  бүлдырлығы  мен  экономикалық  сенімсіздік  салда- 

рынан  жұмысшы  табының  мүшелері  басқаларға  қарағанда  қауіпсіз- 

дікті  жоғары  бағалайды.  Әдетте  орташа  және  жоғарғы  тап  өкілдері 

өздерінің  еркіндігі  мен  басқару  мүмкіндігін  ескеріп,  жұмысты  таң- 

дайтын болса жұмысшы табындағы адамдар өз таңдауын сенімсіздік, 

күмән  және  қорқыныш  арқылы жасайды  (Schwartz,  Markus  &  Snibbe, 

2006).  Мысалы,  орта  таптағы  америкалықтар  рок-музыканы  және 

жеке еркіндікті  көтеретін  әндерді ұнатса, жүмысшы табындагы  аме- 

рикалықтар  көбіне  «таңдау жасау қауіпті» деп ескертетін кантри му- 

зыкасын  (Джордж  Джонс:  «Мен  өзім  жасаған  таңдауларыммен  бірге 

өмір  сүріп,  өлемін») тыңдайды.  Адамдардың жеке  музыкалық  талға- 

мы мен  олардың әлеуметтік таптық байланысы әрі қарай  «БАҚ және 

мәдениет:  Музыка  мен  әлеуметтік  таптар  арасындағы  байланыс»  та- 

рауында қарастырылады.



Орта тап

Орта тап үлкен және түрлі топтардан тұрады және шамамен халықтың 

30-40%-ын  құрайды.  Орта  топтағы  көпшіліктің  жоғары  білімі  немесе 

орта  кәсіптік  білімі  болғанымен,  еңбекақысы  жұмысшы  тап  өкілдері- 

нің ақысынан төмен болуы мүмкін.  Шкаланың қарама-қарсы жағында 

кейбіреулер жылына  $200 000-нан астам табыс табады,  сөйтіп, америка- 

лықтардың ең бай 5%-ының қатарына кіреді (АҚШ  Санақ бюросы, 2011). 

Алайда бүлар әлі де орта тапқа жатады деп саналады. Ал егер отбасы мү- 

шесі бірнеше ай жұмысқа шыға алмаса, ипотекалық төлемге байланыс- 

ты  жағдайы  қиындайды.  Сонымен  олардың  ағымдағы  табысы  жогары 

болса да, байлығы -  инвестициялары, жинақтаған қоры және акгивтері 

оңай сатылса да, қарыздарынан құтыла алмайды.

Орта  тап  мүшелерінің  табысы  жоғары  немесе  томен  болғанына 

қарамастан,  олар  жұмыс  орнының  қауіпсіздігіне  баса  назар  аудара- 

ды және жұмысшы  табына қарағанда  қызметте  өсуге  мүмкіндіктері 

көбірек  болады.  Орта  тапқа  жататын  қызметкерлер  әдетте  медици- 

налық  сақтандыру  және  науқастануға  байланысты  демалыс  секілді 

маңызды жеңілдіктермен қамтамасыз етілген.  Бірақ ондай жеңілдік- 

тер саны соңғы 20 жылда азайып кетті.

Орта таптың мәдениеті жоғарғы таппен жұмысшы  табы  мәдениеті- 

нен ерекше. Жұмысшы табындағы адамдармен салысгырғанда, орта тап- 

тағы  адамдар үйлерін діни  иконалармен толтырмайды  немесе  боулинг 

командасының мүшесі болмайды, олар білімді және жыныстар  арасын- 

дағы  тең  құқықтылықты  бағалайды.  Ал  жоғары  таптағы  адамдармен 

салыстырғанда  үйлерін  заманауи  өнер  туындыларымен  безендірмейді, 

гольф лигаларына мүше болмайды (Halle, 1993). Сонымен қатар жұмысшы 

табындагы ата-ана балаларынан айтқандарына бағынуды және оңаша кө- 

ңіл көтеруін күтсе, орта таптағы ата-аналар балаларымен бірге көңіл коте- 

pin, өздеріне бағынудың маңыздылығын түсіндіреді (Lareau, 2003).

Жоғарғы тап

Жоғарғы тап халықтың шамамен 1%-ын құрайтын екі топтан тұрады. 

Біріншісі -  отбасыларының табысы  мен  мәртебесі  ұрпақтан-ұрпаққа 

беріліп  келген  адамдар.  Бүл  адамдар  Жаңа  Англиядағы  кішігірім 

Andover, Exeter және  Choate сияқты дайындық мектептерінде оқыған 

(Higley, 1995). Бұл мектептердің көптеген түлектері Гарвард, Йель және






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет