Бүрмаланған пікірге бейімделу: өздігінен
орындалатын болжам
7-бөлімде өздігінен орындалатын болжам жайлы айтылған. Бұл - күт-
кен жағдай іс жүзінде орындалады деген сенім. Өздігінен орындалатын
болжам - бұрмаланған пікірлердің сақталуына көп эсер ететін меха
низм. Мысалы, егер ақ нәсілді америкалық мүғалімдер афроамерикалық
студенттердің математиканы меңгере алмайтынына сенсе, студенттер-
ге оны үйрету үшін көп уақыт жұмсамауы мүмкін. Нәтижесінде, афроа-
мерикалық студенттер басқа студенттерге қарағанда, математикадан
жоғары нәтижелерге жетпейгін болады. Егер христиандар, яьудилер
өздерін басқалардан жоғары санайды деген сенімде болса, онда олар яьу-
дилермен араласудан аулақ болар еді. Христиандар кейін яьудилердің
басқа яьудилермен ғана араласатынын көргенде, олар мұны яьудилер
өздерін жоғары санайтынының дәлелі ретінде қабылдады.
Дискриминация
Адамдарды санатына байланысты кемсіту, өзіне тең емес деп санау
дискриминация деп аталады. Бұрмаланған пікір - қалыптасқан ой,
көзқарас; дискриминация - жасалатын іс-әрекет. Әдетте екеуі қатар
кездеседі. Мысалы, егер бастық афроамерикалықтардың білімі «ақ»
|