Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет449/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   870
Өзекті мәселелер

1990-2010  жылдар  аралығында  латынамерикалық  халық  саны  АҚШ- 

тағы жалпы халық санынан төрт есе тез өскен (U.S. Census Bureau 2011b). 

Бұл сан көбінесе АҚШ-та бұрыннан тұрып жатқан халықтың туу деңгейі 

есебінен және біраз бөлігі жаңа қоныстанғандар есебінен артып отыр.

Жаңа  иммигранттардың  басым  көпшілігі  жас,  білімі  нашар, 

(әсіресе қүжатсыз иммигранттар) ең төмен еңбекақыға да келісіп, жұ- 

мыс істейді.  Сол  себепті кейбір  АҚІІІ  азаматтары  арасында  еңбекақы 

көлемі  баршаға  төмендетіледі  деген  алаңдаушылық  туды.  Зерттеу- 

лер  нәтижесінде жоғары  білімі жоқ америкалықтардың  еңбекақысы




244

8-ТАРАУ

төмендетілгені  анықталды.  Дегенмен  басқа  зерттеулердің  қорытын- 

дысы бойынша, иммигранттар барша америкалықтардың пайдасына 

экономиканың дамуына ықпал етуде (Сфкв 2005).

Тағы  бір  ортақ мәселе -  латынамерикалық мәдениет АҚШ  мәде- 

ниетін  «жаулап»  алады  немесе  олар  өздерін  ассимиляцияланудан 

сақтайды деген қауіп.  Латынамерикалықтардың  саны  жақын  жыл- 

дарда артатыны жасырын емес. Сонымен қоса Латын Америкасынан 

ұзаққа созылған иммиграциядан соң АҚШ-та дүниеге келген латын- 

америкалықтар қазір сальса биін билеп, Густамалан ресторандарын, 

латынамерикалық мәдениеттің  басқа да  элементтерін қалыпты қа- 

былдап,  қызықтап жүр.  Көптеген испантілді  иммигранттардың ба- 

лалары мен немерелері АҚШ мәдениетіне оңай сіңісіп, жұмыс тапты. 

Олардың латынамерикалық емес көршілері аздап болса да латынша 

сөйлей алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет