Америкалық азиаттар
Тарихи шолу
Алғаш рет азиялықтар АҚШ-қа 1848 жылы Калифорнияда болған алтын
іздеушілер қозғалысы кезінде көптеп келе бастады. Әуел бастан олар
ерекше жаулық әрекеттер мен дискриминацияға тап болды. Оларға қар-
сы жауыздық әдепкі жайт болып саналды. Заң жүзінде, Калифорния-
дағы қытайлықтарды ақ нәсілді америкалықтарга қарсы сотта куәлік
беру құқықтарынан айыртан соң, оларға ешқандай көмек көрсетілмеді.
1880 жылдан бастап федералдық заңдарға байланысты Азиядан им-
мигранттардың келуіне кедергілер пайда бола бастады (Окіһіго 2005). Со
нымен қатар заңға сәйкес азиялық иммигранттар мен олардың АҚШ-та
дүниеге келген балалары азаматтық алу құқығынан айрылды. Америка-
лық қытайлар II Дүниежүзілік сотые кезінде тана Америка азаматтығын
алуға құқылы болды (Қытай мен АҚШ одақтас болтан кезеңде), ал амери-
калықжапондар 1952 жылы тана осындай құқыққа не болды.
II Дүниежүзілік сотые кезінде 100.000-га жуық америкалық жапон-
дар (олардың көбі АҚШ азаматтыгын алгандар және кішкене балалар) өз
дүние мүлкін тез арада сатуга мәжбүр болып, арнайы оқшауланган ла-
герьлерге жөнелтілді (Окіһіго 2005). АҚШ билігі жапондарды лагерьге қа-
маган себебі - олар Жапон елінің атынан бүлік үйымдастырады деп сен-
ген. Бүның өзі дәлелдерге емес, бұрмаланган пікірге негізделген. Алайда
1988 жылы АҚШ Конгресі бұл саясатты әділетсіздік деп мойындап, амери-
калық жапондар алдында ресми түрде кешірім сұрады.
1965 жылдан бастап жаңа заң бойынша азиялықтар үшін әсіресе
мұнда олардың отбасы болса немесе жогары оқу орындарында білім
алуды жоспарласа, АҚШ-қа қоныс аудару ережесі жеңілдетілді. Нәти-
жесінде америкалық азиаттардың саны біршама өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |