Басқа елдердегі денсаулың
саңтау саласы
Америка Құрама Штаттары - өндірісі дамыған, бірақ барлық азаматын
медициналық қызметпен қамтамасыз ете алмайтын жалғыз мемле
кет. Денсаулық сақтау қызметтері тауар секілді сатылады. Сіз тек
алғашқы көмек қызметі сияқты қолыңыз жеткен қызметті ғана
пайдалана аласыз. Егер бұл мүмкін болмаса, сол қызметке сүйен-
бей-ақ әрекет етуді үйренесіз. Әлемнің өндірістік саласы дамыған
басқа елдерінде медициналық қызмет бастауыш білім сияқты:
қаржылық мүмкіндігіңізге қарамастан, барша адамға қолжетімді
тиісті көмек ретінде қарастырылады. Ондай елдерде медициналык
көмек қалай қамтамасыз етіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |