Төмен бағамен жақсы күтім
Қазіргі заманғы медициналық технологиялар біздің мүмкіндігі-
мізді кеңейтіп, құтқару қабілетін арттырды. Бұл алайда өте қым-
бат. Ал кейбір нашар дамыған елдер халқының денсаулығын сақ-
тауға қалай көмектеседі?
Арзан әрі тиімді денсаулық сақтау саласында көрсегілетін қыз-
меттің үлгісі ретінде Қытайды айта аламыз. Қытайда батыстық
үлгідегі емдеу шаралары тек аурудың алдын алу мақсатында ғана
қолданылады. Негізінен медбике және акушер сияқты арзан меди-
циналық қызмет ұсынушыларға; санитарлық жағдайға, түрғын
үй және азық-түлік сапасын жақсартуға; табысты арттыру үшін
білім сапасын көтеруге; дәстүрлі емдеу әдістеріне баса назар ауда-
рылады.
Мұндай әдістің арқасында Қытайдағы өмір жасының ұзақтығы
АҚШ-тан төрт-ақ жылға аз, алайда Қытай денсаулық сақтау сала
сында әлдеқайда аз ақша жұмсайды (АҚШ санақ бюросы, 2009). Кос
та-Рика, Шри-Ланка, Куба және Вьетнам сияқты дамуы томен ел-
дердің тәжірибесі аурудың алдын алу, білім сапасын арттыру және
өмір сүру жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау саласына жоғары
технологиялық қүрылғылар алғаннан гөрі пайдалырақ екенін көр-
сетті (Weitz, 2012).
Достарыңызбен бөлісу: |