Нуклеар отбасы - ата-анасы мен
балалары өзге туыстардан бөлек
үйде түратын, тәуелсіз отбасы.
Аралас отбасы - ерлі-
зайыптылардың бірінің немесе
екеуінің де алдыңгы некесінен
баласы бар отбасы.
Мәдениетаралық өзгешеліктер
Бұған дейін біз отбасылардың көбіне өзара үқсас келетінін айтқанбыз.
Бірақ әлемдегі отбасылардың елеулі айырмашылықтары да бар.
Отбасы түрлері
Тарихқа көз жүгіртсек, қай елде болмасын, қай жерде болмасын
адамдар әдеттегідей туыстарымен, айталық, күйеуі, бір немесе бір-
неше әйелі, олардың балалары, ата-әжелері, аға-әпкелері, іні-қарын-
дастары, бөлелері, жиендері т.б. бәрі бірге тұрған. Отбасының мүндай
түрін кеңейтілген отбасы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |