Н у к л е а р о т б а с ы н ы ң
құрамында ата-анасы мен олардын, кәмелетке
толмаған балалары ғана болады. Нуклеар отбасын-тәуелсіз өмір сүргісі
келетіндер және ата-анасын немесе туысқандарын асырағысы келмей-
тіндер таңдайды. Сонымен бірге көптеген адамдар жұмыс орнының не
мектебінің қашық болуына байланысты нуклеар отбасында тұрады.
Дәстүрлі нуклеар отбасы (ата-ана мен жасы 18-ге толмаған ба
лалары) АҚШ-та қазір бұрынғымен салыстырғанда сирек кездеседі.
Отбасылардың 30 пайызы және үй шаруашылығының 21 пайызы
ғана осы үлгіні ұстанады (U.S. Bureau of the Census 2011d). Оның op-
нына ересектердің өмірлік серігі болмаса, туыстарымен емес, не жал-
ғыз, не достарымен, не сүйгендерімен, не балаларымен бірге тұруы
көбейген.
АҚШ-та кең таралып келе жатқан отбасы үлгісі -
Достарыңызбен бөлісу: |