Некелесу ме, әлде бірге тұру ма?
Бірге тұру дегеніміз - романтикалық/жыныстық серігімен неке
қидырмай-ақ бірлесіп өмір сүру. Қазір АҚШ-та жұптардың жар-
тысынан көбі некелескенге дейін бірге өмір сүреді және америка-
лықтар арасында өмірінің қандай да бір бөлігін азаматтық неке-
де өткізетіндер бола береді (Kennedy & Bumpass, 2008). Ескеретін
жайт - жұптардың некелескенге дейін бірге тұруы олардың отба-
сылық қанағаттануына немесе тұрақтылығына эсер етпейді (Jose,
O’Leary, & Moyer, 2010).
Бірге өмір сүру әрдайым некелесуге алып келе бермейді. АҚШ-
та некелесу деңгейінің төмендеу себебі бірге түрып жатқандар
арасында балалы бола түра үйленгісі келмейтіндердің көбеюінен.
Отбасы мәселесін зерттейтін әлеуметтанушы Эндрю Черлиннің
(Andrew Cherlin, 2004) пайымдауынша, біз қазір неке институты-
ның ыдырауын, некенің қоғам мен адамдар үшін қажетті екен-
дігін айқындайтын әлеуметтік нормалардың құлдырауын көріп
отырмыз. Бұл процесс бірге тұратын жұптар заңды құқықтарға
(бір-бірінің мүлкіне мираскер болу және айырылысқан жағдайда
жұбайлық қамтамасыз етуді сот арқылы талап ету) ие болғаннан
кейін қанатын кеңге жайды. Ал кейбіреулердің гомосексуалдық
некені жақтап (не қарсы шығып) күресуі америкалықтар үшін не-
кенің әлі де маңызды түсінік екенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |