326
11-ТАРАУ
Некесіз туған балалар
Америкалық балалар қазіргі таңда некелі және некесіз әйелден де
дүниеге келеді (Childstats.gov 2012). Босанушы әйелдердің төрттен
үш бөлігі - жасы жиырмадан асқандар (Hamilton, Martin and Ventura,
2009), олардың көбі баланың әкесіне тұрмысқа шығады. Бірақ көп-
теген әйелдер қазір жұмыс күшіне айналған және баланы жалғыз
тәрбиелеу үшін экономикалық әрі психологиялық ресурстары жет-
кілікті деп санайды. Кейбіреулері баланы алдыртуға қимай, кездей-
соқ ана атанады. Ал енді бірі некелеспеген болса да баланы дүниеге
әкелуге немесе асырап алуға бел буады (Hertz, 2006).
Орта есеппен некесіз туған балалар толық отбасындағы бала-
ларға қарағанда кедейлікке жақын. Сонымен қатар олардың пси-
хологиясы мен мінез-құлқында кемшіліктер байқалады және оқу
үлгерімі нашар болады (Kennedy & Bumpass, 2010). Бұл мәселелердің
көбі некесіз бірге тұрудан емес, кедейліктен және жұптардың кәме-
летке толмауынан туындайды, бірақ азаматтық некедегілердің
экономикалық және эмоционалдық түрақсыздығы балаға кері эсер
ететіні сөзсіз.
Қазір жасөспірім қыздардың ерте жүкті болып, некесіз бала
тууы алаңдатып отыр. Мұндай жағдай басқа дамыған елдерге Ка
раганда АҚШ-та көп кездеседі. Жасөспірім ана - дүниеге әкелген ба-
лалардың денсаулығы нашар болады және нәресте кезінде шетінеп
кетеді (Ventura & Hamilton, 2011). Осылардың салдарынан жасөспі-
рім аналар колледжді (тіпті мектепті) аяқтай алмайды, кейіннен
кедейлік тұрмыс кешеді. Көп жағдайда жасөспірімдер жүктілігінің
өзі кедейліктен келіп шығады және оның себебіне айналады (Luker
1996, Newman & Massengill, 2006; Edin & Kefalas, 2006). Болашағы
бүлыңғыр көрінген қыздар үшін ана болу, махаббат пен бақытқа
қол жеткізудің жалғыз жолындай сезіледі. Енді бір қыздар сақта-
ну шараларын қолданбағандықтан және жігітіне оны үсына алма-
ғандықтан жүкті болып қалады. Сақтануды талап ететін қыздар да
бар. Қуанарлық жайт - 1991 жылдан бері барлық этникалық топтар
бойынша жасөспірімдер арасындағы ж үктілік деңгейі төмендеп,
бір қалыпта сақгалып келеді. Қазіргі таңда ерте ж үктілік деңгейін
үкімет тіркеуге алуды бастаған - 1940 жылдан бергі барлық көрсет-
кіштерден томен болып отыр (Ventura & Hamilton, 2011). 11.1-карта-
да АҚШ аумағы бойынша жасөспірім аналардың туу көрсеткіштері
берілген.
Некесіз баланың тууы кедейлікке себеп болмауы керек. Еуро-
пада көптеген әйелдер тұрмысқа шықпай-ақ бала туады, бірақ әйел
де, оның баласы да кедейлікке ұшырамайды. Мәліметтерді таратып
жазу: кедейлікжәне жалғызбасты ана болу сияқты айқын парадоксты
зерттеу.
Сонымен қатар некесіз баланы дүниеге әкелу, оны жалғыз тәрбие-
леу дегенді білдіреді. Көптеген әйелдер балаларының әкесімен бірге
өмір сүреді, кейін олар үйленеді немесе басқа адаммен тұрмыс қүрады.
Достарыңызбен бөлісу: |