Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет615/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   611   612   613   614   615   616   617   618   ...   870
Символдық интеракционизм: 

элиталық сабақтастық

Қазіргі  заманда  элита  өкілдері  балаларының  да  жоғары  деңгейде 

қалуын тікелей қамтамасыз  ете  алмайды.  Мәртебелері  балаларына 

өтуі үшін,  оларға  сол  деңгейге лайықты  білімін  растайтын диплом 

алып  беру  қажет.  Көп  жағдайда  ата-аналар  мұны  орындайды.  Өйт- 

кені балалардың білімдегі жетістіктері, ата-аналарының әлеуметтік 

мәртебесіне тығыз байланысты.

Бұл  қалай  болады?  Конфликтология  теорияшылары  мектеп  қү- 

рылымы ңалай теңсіздікке алып келетіндігіне мән берсе, символдық 

интеракционистер  осындай  нәтиже  беретін  процестерді  зерттейді. 

Сондай процестердің бірі -  элиталық сабақтастық.

Э л и т а л ы қ  с а б а қ т а с т ы қ

Мектептің мақсаты -  оқушыларға білім беру. Мектепті аяқтаған кезде 

оқушылардың көбі компьютерде басуды, үш бөлікті тезистен тұратын 

эссе жазуды және есеп шыгаруды біледі. Оған қоса, ақыл-ес қабілетін 

арттыратын  және  кеңейтетін  танымдық  даму  процестерінен  өтеді. 

Оқу процестерінен мінсіз өткен жағдайда  оқушылар  сыни  ойлау, дә- 

лелдерді салыстыру және дербес ойлау қабілетін дамытуды үйренеді.

Көптеген  зерттеу  жүмыстарының  нәтижесі  бойынша,  егер  мұ- 

ғалімдер оқушыларына зор үміт артып, оларға қиын әрі талапты тап- 

сырмалар  беріп отырса, мектеп жасындағы  балалардың танымы кең 

болады.  Мұғалімдер мұндайды  оқушылары  «ақылды»  болып көрінсе 

және өздерін лайықты етіп ұстаған жағдайда істейді. Ал ондай оқушы- 

лар әдетте ақ нәсілді және бақуатты тап өкілдерінен болады.

Бұл  жағдай  АҚШ  қоғамында  мұғалімдердің  бір  бөлігі  нәсілшіл- 

дік  пен  дәстүрлі  стереотиптерді  қолдайтындықтан  болып  отыр  деп 

түсіндіріледі.  Енді бірі  бақуатты  ақ нәсілді  оқушылардың элиталық 

мәдениетке  тән  білімі  мен  түсінігі  болғандықтан  деп  пайымдайды 

(Bourdieu, 1984; Bettie, 2003). Мұндай оқушылардың үйінде әдетте орта 

тап  мұғалімдері  бағалайтын  музыка,  өнер  және  классикалық  кітап- 

тар болады. Сонымен қатар олар мұғалімдерге ұнайтындай үлгіде өз- 

дерін ұстай алады және жақсы киінеді. Осындай мәдени капиталдың 

арқасында  оқушылар мұғалімдермен қарым-қатынас жасай отырып, 

өздерінің уақыт  бөлуге тұрарлық  екендіктерін дәлелдейді  (Farkas et 

al., 1990; Kalmijn & Kraaykamp 1996, Bettie, 2003).

Керісінше,  мұғалімдер  (көпшілігі  «ақ»)  афроамерикалықтар  мен 

мексикалық  нәсілді  америкалықтарды  ақылсыз  әрі  жаманшылық 

жасауға  үйір  деп  санайды  (Ferguson,  2000;  Bettie,  2003).  Нәтижесінде, 

мұғалімдер  аз  ұлт  өкілдеріне  білім  беруге  емес,  тәрбиелеу  мен  қа- 

дағалауға көп уақыт жұмсайды.

Бұл процесс элиталық сабақтастықтың айқын мысалы бола ала­

ды. Қазір үстаздық етіп жүргендер - нәсілшіл, әйелдерді кем санайтын 

және  классикалық  теріс  түсініктегі  қоғамда  өсіп,  тәрбиеленгендер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   611   612   613   614   615   616   617   618   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет